» » Ерен еңбегі еленді

Ерен еңбегі еленді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арналған Жолдауында айтылған басымдықтар мен "Тәуелсіздік бәрінен қымбат" атты мақаласын қоғамда кеңінен насихаттап, ел егемендігінің өркендеуі мен дамуына үлес қосқан, Тәуелсіздік жылдарында өз саласының хас шеберлері атанған тұлғаларды таныту мақсатында «Ел егемендігіне қосқан Ерен еңбегі үшін» атты республикалық байқауы жарияланған болатын. Осы байқауда жерлесіміз Сыр жұртшылығына әуезді әнімен, сәнді сырнайымен жақсы таныс Керекжан Құлмырзаевтың кеудесі тағы бір медальмен толықты. Ол «Ерен еңбегі үшін» төсбелгісімен және І дәрежелі дипломмен марапатталып, жеңімпаздардың қатарынан табылды.

Киелі Қармақшы топырағында туып, талантымен талайды таңқалдырып жүрген өнер иесінің есімі тек ел-жұртқа емес, әнсүйер қауымға «Қармақшым», «Мені ойла», «Ғашық жыры», «Көктем қыз», «Анашым», «Дос сағынышы», «Сағынамын сұлуым», «Ақ бөпешім», «Балапаным», «Жолықпаңыз», «Той жыры» сынды әндерімен жақсы таныс. Бүгінде оның шығармашылығында 80-ге жуық әндері бар.

Айта кетейік, өнер иесі осыған дейін еліміздің өркендеуі жолында мәдениет саласына қосқан еңбегін жоғары бағалап, "Мәдениет майталманы" медалімен марапатталды. Сондай-ақ Бүкілодақтық халық шығармашылығы фестивалінің, облыстық, аудандық әншілер байқауының және облыстық композиторлар байқауының лауреаты. Оның жетістіктері мен марапаты жетерлік. Иә, еңбек еткен алғысқа бөленеді.

А.САҒЫНТАЙ
 
10 шілде 2023 ж. 878 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 423
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

17 қыркүйек 2025 ж.
Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 230

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930