» » Ұстаздар арасында спорттық сайыс өтті

Ұстаздар арасында спорттық сайыс өтті

Жуырда аудандық оқушылар үйінде Отан  қорғаушылар күніне және Ұлы Жеңістің 73 жылдығына орай  ұйымдастырылған «Ұранды ердің - ұрпағы қайсар» атты ұстаздар арасында спорттық сайыс өтті.
Сайыс барысында жігіттер білек сынасып,  ләңгі тебу мен гір тасын көтеруде ептілік көрсетті. Асық ату кезеңінен сүрінбей өткен сайыскерлер мылтық атып мергендігін дәлелдей түсті. «Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар» кезеңінде халқымыздың салт-дәстүрі бойынша берілген  сұрақтарға мүдірмей жауап беріп,  әділ қазының әділ шешімімен «Халық әні» үйірмесінің жетекшісі    Берік Бәйділдаев пен «Жайдарлы жас ұлан» үйірмесінің жетекшісі Нұрлыбек Малаевқа алғыс хат тапсырылды. «Жас информатик» үйірмесінің жетекшісі  Нұрғиса Өтешбаев І орыннан көрінсе, «Шебер қолдар» үйірмесінің жетекшісі Самат Өскелеңов ІІ орынды, «Көшбасшы» үйірмесінің жетекшісі Алтынбек Әділов  ІІІ орынды иеленіп «Отан» Республикалық қоғамдық бірлестігінің  аудандық өкілдігінің арнайы дайындаған дипломымен марапатталды.
Айнұр ӘЛИ
11 мамыр 2018 ж. 2 117 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№25 (10492)

07 сәуір 2026 ж.

№24 (10491)

04 сәуір 2026 ж.

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 806
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 506

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930