» » Туған жердің дүлділі

Туған жердің дүлділі

Ақжар ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен Сыр елінің перзенті, жазушы, ақын Қармақшы ауданының құрметті азаматы Мұхаметқали Шыңғысовтың 95 жылдығына орай «Туған жердің дүлділі» атты әдеби кеш өткізілді.

Кешке ақынның қызы Лиза Шыңғысова арнайы келіп қатысты. Онда ақынның өмірі жайлы бейнежазба көрсетіліп, кітап көрмесі таныстырылды. Кітапхана оқырмандары да ақын өлеңдерін жатқа оқып, әдеби кештің мазмұнын арттырды.

Лиза анамыз оқырмандарға әкесі және отбасы жайлы естеліктер айтып, кешті ұйымдастырушыларға алғысын жеткізді. Кеш соңында артына мол мұра қалдырған ақынның қызына сыйлық жасалып, ақжаулы ананың ақ батасымен әдеби кеш қорытындыланды. Мұндай тәлімді кездесулер алдағы уақытта да жалғаса бермек. Басты мақсат – оқырмандарымызға ойлы жол, керекті бағыт-бағдар көрсету.

«Қт» ақпарат
05 шілде 2023 ж. 429 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 799
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 086

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930