» » ЖОБА ТИЯНАҚТЫЛЫҚТЫ ҚАЖЕТ ЕТЕДІ

ЖОБА ТИЯНАҚТЫЛЫҚТЫ ҚАЖЕТ ЕТЕДІ

«Алмақтың да салмағы бар». Атам қазақ бұл тәмсілді бекер айтпаған. Бағдарлама аясында жоба ұсынып, қаражатқа қол жеткізгенмен оның қайтарымын да естен шығармаған абзал. Өйткені, ұсынылған жобаның жан-жақты мүмкіндігі, онан қалды болашағы маңызды. Бұл туралы бүгін ауданда өтіп жатқан «Бизнес бастау» бағдарламасына жоба ұсынушылармен кездесуде айтылды.

Шарада осыған дейін бір айлық курстан өткен 42 үміткердің жобасын тыңдауға «Атамекен» ҰКП аудандық филиал директоры А.Шоқбаров, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ өкілі С.Сәденов, аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Д.Ахметовтер қатысты. Онда елді мекендерге қажетті қызмет көрсету нысандары мен мал шаруашылығымен айналысамын дейтіндер басым.
– Бұл облыстық деңгейдегі қорғауға дейінгі жұмыстар. Аудандағы әрбір кәсіпкер боламын деген азаматтың қолтығынан демеп, жобаларының кем-кетігін түзеп, облыстық қорғауға жөнелтеміз. Аймақ басшысы Қ.Көшербаевтың сөзімен айтсақ, халықтың қолын аузына жеткізу бағытындағы жұмыстар бұл. Әрбір жоба ұсынушы өз идеясын жүзеге асыратын аумақтағы халық саны, көлік саны тәрізді мәселелерді басты назарға алу керек. Қысқасы, жоба тиянақтылықты қажет етеді, – деді «Атамекен» ҰКП аудандық филиал директоры А.Шоқбаров.
Бүгінгі 42 үміткердің қай-қайсысы да өз жобасынан үмітті. Демек, олардың арасында елге сапалы қызмет көрсетіп, жұртшылықты тәнті етер тірліктің көзін табатындар да болары анық.
Дәулет ҚЫРДАН.
11 мамыр 2018 ж. 764 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

№89 (10354)

09 қараша 2024 ж.

№88 (10353)

05 қараша 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 123

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930