» » Үйрендім өнер түрін үйірмеден

Үйрендім өнер түрін үйірмеден


Сынапша сырғыған уақыт – зымыранның көшіне ілесе отырып, егеменді еліміздің беделін биіктететін, абыройын асқақтататын болашақ тұлға тәрбиелеу – заман талабы. Үйірменің үйретері көп, қосымша білім берудің берері мол. Иә, білім алушылардың ептілігін ескеру, талантын тану арқылы бағыт-бағдар беру жетістікке жетелейді. Бос уақытын тиімді пайдаланып, үйірмеге қатысып, ұстазын ұғынған оқушы келешектегі мерейлі маманға айналары сөзсіз.


 Заман талабынан қалыс қалмауды алға қойған Т.Көмекбаев атындағы №250 мектеп-лицейі оқуда озат оқушыларды даралап қана қоймай, өрендердің өнерін өрістетіп,  шәкірттердің шығармашылығын шыңдауды мақсат-мүддесіне айналдырып келеді.  Білім ошағының жанынан қосымша білім беру бағытында 12 үйірме құрылып, оған 600 оқушы қамтылды.  Спортты сүйіп, шыныққан шәкірттеріміздің игілігіне  баскетбол үйірмесі және үстел теннисі, бокс, футбол, гандбол үйірмелері жұмыс жасайды. «Өсімдіктер әлемі» үйірмесінің оқушылары мектеп жылыжайы мен гидропоника кабинетінде зерттеу жүргізіп,өсімдік өсіндісінің сырына үңіліп, тұмса табиғаттың тұңғиықтағы құпиясын білуге дағдыланады.


Биылғы оқу жылында мектеп базасының бір блогынан арнайы «Өрнек» өнер орталығы өз жұмысын бастады. Өнер орталығы оқушылардың шығармашылықпен еркін жұмыс жасауына ыңғайланып жабдықталынды. Бұл орталықта «Креатив» қолөнер үйірмесі қыздарды қиынды қағаздан кескіндеме келістіруге, тоқыма тоқып, сурет салуға бейімдесе, «Әдемі-ай» қуыршақ театр үйірмесінің мүшелері жүйелі жиындарда, ауқымды шараларда бой көрсетіп, жас та болса көрермен көзайымына айналып та үлгерді.


Қолөнер үйірмесінің оқушылары «Жасыл мектеп» жобасы аясында қалдық заттарға екінші өмір сыйлауды алдарына мақсат етіп алып, кез келген қажетсіз болып қалған заттардан көрсе көз тоятындай керемет туындылар жасады. Қалдық заттардан жасалған әрбір жұмыс өзінше ерекшеленіп, орталыққа келген қонақтар мен ата-аналарды таңғалдырды.


Ал «Әдемі-ай» қуыршақтар театрының әрбір қойылымдарына арнайы костюмдер тігіліп, мектеп театрының костюмдер қатары көбейді. Театрға қатысушы оқушылар өздерін жаңа қырынан танып, берілген рольдерін үлкен жауапкершілікпен орындап шыға білді.

Үйірме жетекшісі ретінде мектепте біліммен қатар бала бойына өнердің берілуі жоғарыда айтып өткеніміздей келешектегі мерейлі маманға айналары сөзсіз.

Мейраш АЯШОВА
01 шілде 2023 ж. 392 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 020

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031