» » «Жас өлкетанушы» үйірмесі ашылды

«Жас өлкетанушы» үйірмесі ашылды


2022 жыл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың шешімі бойынша «Балалар жылы» деп жарияланғаны белгілі. Президент бұл жылды тек ұрандап немесе мереке түрінде атап өту ғана емес, балаларды қорғау мақсатында ең алдымен билік тарапынан денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қамсыздандыру саласында нақты іс-шаралар жасалуы керектігін қадап айтты.
Міне, осы жыл аясында Президент берген тапсырмаларды орындау үшін еліміздің әр аумағында балалармен жұмыс жасау бойынша түрлі шаралар атқарылып келеді. Осы аталмыш жұмыстарды жалғастыру және өлке тарихын толығымен таныстыру мақсатында Қармақшы аудандық тарихи-өлкетану музейінде "ЖАС ӨЛКЕТАНУШЫ" үйірмесі ашылды.
Жас өлкетанушы үйірмесі - жас жеткіншектерге білім мен сапалы тәлім - тәрбие беруде мектептен тыс тәрбиелеудің бірден - бір кең тараған түрі. Үйірмеге С.Есқараев атындағы №27 орта мектептің 8 - сынып оқушылары алынды. Үйірме мүшелерінің жалпы саны - 14 оқушы.
Өлкетану білімі практикалық, теориялық, дәріс түрінде, экскурсия, жоба түрінде тиімді әдіс-тәсілдерді қолдана отырып өткізіледі. Қосымша сабақ ретінде нақты бағдарлама бойынша оқытылады. Үйірме кешенді түрде география, тарих, археология, этнография туралы білімдер бойынша алған мәліметтерді қолдана отырып, өз өлкеміз жайлы деректерді зерттеу жұмысына бағытталған.

29 сәуір 2022 ж. 1 056 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 414
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 213

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930