» » Дарынды оқушы – ұлтымыздың болашағы

Дарынды оқушы – ұлтымыздың болашағы

qarmaqshy-tany.kz «Халықты халықпен, адамды адаммен теңестіретін – білім» деп М.Әуезов атап көрсеткендей, егемен елдің келешегі кемел білім мен ұлағатты тәрбиеге байланысты.
Өскелең ұрпақты рухани-адамгершілік, эстетикалық тәрбиелеу, тұлғаның үйлесімді дамуы, өз ойын білдіру, әлемді эстетикалық және бейнелі тану факторы ретінде балалар мен жастардың театр шығармашылығын қолдау және дамыту, өзін-өзі таныту мақсатында «Театрдың ғажайып әлемі» тақырыбында театр өнерінің республикалық фестиваль-байқауы өтті. Аталған байқауда Т.Жүргенов атындағы No80 мектеп-гимназия оқушыларынан құралған театр ұжымы өнер көрсетіп, аудандық кезеңнен жүлделі І орынды, облыстық кезеңнен жүлделі ІІ орынды иеленді.
Оқу жылының басында мектеп, аудан абыройын еселеген мектеп мақтанышына айналған дарынды оқушыларымызды қалай мақтасақ та артықтық етпейді. Мектеп өмірінде болып жатқан түрлі шараға белсене қатысып, білім, өнер додаларында сан мәрте жеңіс тұғырынан көрініп жүрген дарынды шәкірттеріміздің еңбектері қашан да елеулі. Мұғалімдерінің ықыласы мен сүйіспеншілігіне бөленген оқушыларымыздың бойларындағы дарындық қасиет қанмен беріліп, өскен ортасында, яғни, мектеп қабырғасында шыңдалып, ұстаздарының қолдауымен жетіле түсті.
Жас өркеннің бойындағы табиғат берер ерекше қабілетті, дарындылықты тани білу, оның ары қарай дамуына бағыт-бағдар бере білу – ерекше қиын да қызықты іс. Алайда әр баланың жеке қабілетін анықтап, оны сол бағытта жетелеу – ұстаз парызы. Баланы заман талабына қарай көрегендікпен икемдеп, озық өнегені санасына сіңіре білу, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту – бүгінгі күннің басты талабы. Осындай игі қасиеттерді бойға жиған, жетекшілік етіп жүрген сыныбына бар мейірімін төгіп, биіктерді бағындыруына себепші бола білген ағылшын тілі пәні мұғалімі Индира Ұзақбайқызы мен жұлдызды сыныптың алғашқы ұстазы Гүлзипа Сабырбайқызының бала бойындағы дарынды танып, жетілдіруде еткен еңбектері зор.
«Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды» дегендей, 80 жылдан асқан тарихы бар, қасиетті қарашаңырақ No80 мектеп-гимназия қабырғасынан ұшқалы отырған аяулы шәкірттеріміздің арқасында мектебіміздің мерейі әлі талай артып, абыройы қашан да асқақ боларына сеніміміз мол.
Мақпал МЕРГЕНБАЙҚЫЗЫ,
Т.Жүргенов атындағы No 80 мектеп-гимназиясының мұғалімі
17 қазан 2022 ж. 763 1

Diane от 24 мамыр 2025 14:28
Greetings! Quick question that's totally off topic. Do you know how to make your site mobile friendly? My website looks weird when viewing from my apple iphone. I'm trying to find a theme or plugin that might be able to resolve this issue. If you have any recommendations, please share. Appreciate it! casino en ligne Ahaa, its good discussion regarding this paragraph here at this webpage, I have read all that, so at this time me also commenting here. casino en ligne France Everything is very open with a clear description of the challenges. It was definitely informative. Your website is very useful. Thank you for sharing! casino en ligne I think the admin of this web site is truly working hard for his web page, for the reason that here every stuff is quality based data. casino en ligne Attractive component of content. I simply stumbled upon your blog and in accession capital to claim that I acquire actually loved account your blog posts. Anyway I'll be subscribing for your augment and even I success you access constantly rapidly. casino en ligne fiable Very good blog post. I certainly love this site. Keep it up! casino en ligne Hello, I enjoy reading all of your post. I wanted to write a little comment to support you. casino en ligne Hello my loved one! I wish to say that this post is amazing, great written and include almost all vital infos. I would like to see extra posts like this . meilleur casino en ligne I don't even know how I ended up here, but I thought this post was great. I don't know who you are but definitely you're going to a famous blogger if you are not already ;) Cheers! casino en ligne fiable I always emailed this blog post page to all my associates, as if like to read it after that my links will too. casino en ligne

PDF нұсқалар мұрағаты

№46 (10414)

24 маусым 2025 ж.

№45 (10413)

20 маусым 2025 ж.

№44 (10412)

17 маусым 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 967
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30