» » Бала қауіпсіздігі назарда ұсталады

Бала қауіпсіздігі назарда ұсталады

Сейсенбіде аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтіп, оған аудан әкімінің орынбасары Жұлдызхан Ерқосаев төрағалық етті. Оған комиссия мүшелері, білім саласы, құқық қорғау органдарының басшылары қатысты.

Күн тәртібінде 4 мәселе  қаралса, біріншісі бойынша «Мәдениет және спорт ұйымдарына тартылған балалар мен жасөспірімдермен атқарылған жұмыстар туралы»  аудандық мәдениет және спорт бөлімінің басшысы Дәурен Ержанов хабарлама жасаса, екінші мәселе бойынша «Кәмелетке толмағандар арасында ерте жүктіліктің алдын алу туралы»   аудандық аурухананың психологы Әмина Кетебаева баян етті. Үшінші мәселе бойынша «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» атты Ұлттық ақпараттық науқанының өңірлік іс-шаралар жоспары аясында өткізілген жұмыстардың қорытындысы туралы аудандық білім бөлімінің басшысы Гүлзира Абдазиева хабарласа, соңғы төртінші мәселе бойынша аграрлы-техникалық колледж студентімен орын алған оқыс оқиға жайында колледж директоры Бауыржан Сайдулла ақпар берді.

Қаралған мәселелер комиссия отырысында кеңінен талқыланды. Атап айтқанда, жазғы тынығу маусымындағы аудандағы іс-шараларға оқушыларды кең көлемде тарту, олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, кәмелетке толмағандар арасындағы ерте жүктілік пенбала еңбегін қанаудың алдын алуға байланысты ұсыныс-пікірлер айтылып, ой бөлісілді.  

Жаз мезгілі ауа райының ыстық, аптапты болатыны белгілі. Осындайда суға шомылу бала өміріне өте қауіпті. Табиғат аясында тынығып, демалуға құмарлығы да басым. Көбіне-көп олар дария, канал жағасындағы қауіпсіздік ережелерін ұмытып кетіп жатады. Қала берді су айдындарына ата-аналарынан жасырынып барып, суға түсетіні де шындық. Осы мәселелерді негізге алған комиссия төрағасы Жұлдызхан Байназарұлы білім беру ұйымдарына балалардың өмір қауіпсіздігін үнемі бақылауда ұстап, әлеуметтік желілер арқылы барынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, сондай-ақ  балалар көп баратын су жағалауларына кезекшілік жұмыстарын ұйымдастыруды күшейтуді тапсырды.
 
Сәрсенкүл РАЙЫМБАЕВА
01 шілде 2023 ж. 462 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 423
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

17 қыркүйек 2025 ж.
Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 231

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930