» » Құрылыс нысандарына бақылау жүргізді

Құрылыс нысандарына бақылау жүргізді


Сейсенбіде облыстық бақылау жөніндегі басқарма басшысы Ғанижан Піртазаұлы ауданға жұмыс сапармен келді. Сапар барысында ауданда жүргізіліп жатқан құрылыс нысандарын аралады.
Алдымен Байқоңыр қаласында салынып жатқан бес қабатты тұрғын үй ғимаратының құрылысын көріп, мердігерге сапалы және уақытында бітіруді тапсырды.
Мұнан соң басқарма басшысы аудан әкімі Жандос Еркінбек және аудандық мәслихаттың төрағасы Әділ Қошалақовпен бірге облыстық маңызы бар Жосалы – Жалағаш тас жолы бойындағы су басу салдарынан зақымданған көпір мен су өткелін көрді. Қазіргі таңда аталған жерді қайта қалпына келтіру бойынша облыстық бюджеттен тиісті қаржы бөлініп, мердігер «ДорСтрой-Тауекел» ЖШС мекемесі жөндеу жұмыстарын бастады. Бақылау барысында мердігерге жұмыстың сапалылығына басымдық беруді нық тапсырды.
Одан кейін Ғанижан Піртазаұлы жұмыс сапарымен Көмекбаев ауылына барды. Онда су қабылдайтын құрылғының құрылыс жұмысымен танысты. Ауылда жоба бойынша қайта құру жұмысы былтыр басталған. Мұнда сыйымдылығы 250 текше метр екі су қоймасы салынған. Бас мердігер «Корпорация Әлем Құрылыс» ЖШС келісім-шарт бойынша биыл жұмыстарын толығымен аяқтап, тұрғындарға пайдалануға бермек.
Ерсін СӘДУҰЛЫ
24 маусым 2023 ж. 263 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№44 (10512)

13 маусым 2026 ж.

№43 (10511)

09 маусым 2026 ж.

№42 (10510)

06 маусым 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 291
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 821

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930