» » Жемқорлыққа қарсы жұмыс сараланды

Жемқорлыққа қарсы жұмыс сараланды

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Себебі, қоғамда халық парақорлық дертімен жиі бетпе-бет келуде. Сондықтан жемқорлық қатерін төмендету, оған қарсы іс-қимыл жасау мемлекет пен қоғамға міндеттелген.
Жақында аудан әкімдігінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы өтті. Оған бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдері қатысты. Жиынды аудан әкімі Жандос Еркінбек жүргізіп отырды.
Комиссияның күн тәртібінде екі мәселе қаралды. Біріншісі – «Аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында атқарған шаралары туралы» бөлім басшысы Ғалымжан Ақжігітов баяндаса, екіншісі – «Аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында атқарған шаралары туралы» бөлім басшысы Әсет Омаров хабарлама жасады.
Жыл басында Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қорғауға жататын адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды. Қабылданған түзетулер сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы одан әрі жетілдіруге, оның ішінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың жаңа құралдарын енгізу, құқықтық олқылықтарды жою және мемлекеттік қызметшілердің негізсіз баю фактілерін болдырмауға бағытталған.
Жиында комиссия мүшелері хабарламашыларға сауал жолдап, ұсыныс-пікірлер айтса, аудан әкімі Жандос Еркінбек кент, ауылдық округ әкімдері мен бөлім басшыларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттық, құқықтық насихаттық шараларды жүзеге асыру мақсатында құқық қорғау органдарымен, үкіметтік емес ұйым өкілдерімен бірлесе отырып нақты жұмыстарды орындауды тапсырды.
Ерсін ӘБЛӘКИЕВ
24 маусым 2023 ж. 302 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№17 (10385)

04 наурыз 2025 ж.

№16 (10384)

01 наурыз 2025 ж.

№15 (10383)

25 ақпан 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 446
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31