» » ҰБТ: Қызылордалық түлек 137 балл жинады

ҰБТ: Қызылордалық түлек 137 балл жинады

Ұлттық бірыңғай тестілеуде Қызылорда облысы түлектерінің арасында ең жоғары балл жинаған Аралдың 11 сынып оқушысы Нұрсұлтан Баймырзаұлы дәрігер болғысы келеді.
Ол Арал ауданы №220 орта мектебінің үздік оқушысы, «Алтын белгі» үміткері. Дәрігер болуға талпынысы ерекше түлек тестілеудің алғашқы мүмкіндігінде – 137 жинаса, екінші тестілеуіне 23 маусым күні тапсырып, 140 баллды еншілеуді көздеп отырғанын жеткізді.

Болашақта әкемнің жолын қуып, медицина саласында еңбек етсем деймін. Ақ халатты абзал жан атанып, еліме адал, абыройлы қызмет атқарғым келеді. Ойлаған армандарым, алға қойған мақсаттарым жетерлік. Болашаққа нық қадам басып, арманым орындалады деген сенімдемін – дейді Нұрсұлтан.

Нұрсұлтан Ұлттық бірыңғай тестілеудің екі рет тапсыру мүмкіндігі әр түлекке білім грантын алуға үлкен үміт сыйлап жатқанын ерекше атап өтті.

Айта кетейік, Нұрсұлтан Рысқалиев биология пәні бойынша республикалық олимпиада жүлдегері, бірнеше мәрте облыстық, республикалық конкурстардың жеңімпазы атанған. Шәкіртінің биология, химия пәніне қызығушылығын жауапкершілікті терең сезінуі мен еңбексүйгіштігін білдіреді дейді пән мұғалімі Гүлбану Абатова мен сынып жетекшісі Гүлмира Алибекова.
syrboyi.kz
09 маусым 2023 ж. 589 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 069
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 729

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031