» » Ысыраптың есебі қиын

Ысыраптың есебі қиын

qarmaqshy-tany.kz Ысырап сөзінің мағынасы шашылып төгілгеннен болған зиян және шығын деген сөз. Адам баласын жаратқан құдай әр нәрсені мөлшерімен берген, яғни еш нәрсе кем және артық емес. Сондықтан әрбір іс-әрекетімізде мөлшері болуды қалайды.

Жаратушының бізге нәсіп еткен Ислам дінінде бұл тақырып ең маңызды болып саналады. Күнкөрістік қаржы табуда арам жолдарға кірмей, адал жолмен табуды әмір етеді. Бірақ тапқан табысын жұмсағанда да ұстамды болуды бұйырады.

Қазір жасөспірімдер арасында байқайтынымыз, ата-анасының алып берген заттарына немқұрайлы қарауы. Осыдан 30 жыл бұрын таппай жылап жүрген нанды бір аттасақ жерден табатын хәлге де жеттік. Ысырапшылдыққа бет бұруымыздың сыры неде? Артық тамақ тұрса төгіп, шаша саламыз. Бұл тойынғандықтың белгісі ме? Ысырап етпеуді үнемдеу десек те болады. Өйткені осы жаратылған дүниеде әр нәрсе шектеулі, белгілі уақыттан кейін бітіп таусылады. Сондықтан әр нәрсенің қадірін біліп, соған қарай әрекет жасауымыз керек. Айталық, міне қараңыз су шексіз емес, ауа да шексіз емес, тау-тас, өз табиғатыңыздан бастап барлығы жойылғаннан кейін өмір сүрудің мәні неде? Ал біз осыларды біле тұра басқаша іс-әрекет етеміз.

Расын айту керек, біз адам баласы тойымсызбыз және жасалған жақсылықтарды тез ұмытамыз. Ысырапшылдықтан, босқа төгіп шашудан бойымызды аулақ ұстайық.

Құдайдың берген нығметтерінің қадірін білуіміз керек. Мысалы, үйімізде бекерден-бекер ағып тұрған су болса оны жабуымыз керек. Қарапайым нан алғанда да жететіндей етіп алу керек. Артығынан турап, оны қоқысқа тастап қарғыс алғанша, жоқ-жұқаға беріп бата алған жөн. Яғни бұл жеп отырған нанымыздың өзінде де кедейлердің ақысы бар екенін ұмытпағанымыз жөн. Үнемшіл болам деп те сараңдыққа бет бұрып кетпеңіз. Жақсылық жасауда ысырап жоқ, ысырапта жақсылық жоқ.
Саида ЕСЖАНОВА,
ҚМУ-дің 1 курс студенті
09 маусым 2023 ж. 561 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (10433)

30 тамыз 2025 ж.

№64 (10432)

26 тамыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 337
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 111

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930