Құттықтау!

Қадірлі жерлестер!
Сіздерді елдің елдігін, мемлекеттің мәрте бесін айқындайтын бірегей белгісі – Мемлекеттік Рәміздер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Рәміздеріміз – Ту, Елтаңба және Әнұран тәуелсіз еліміздің дербестігін әлемге танытып қана қоймай, өткені мен бүгінін жалғастырып, болашағымен сабақтастырады.

Рәміздер халықтың рухы мен елдің егемендігін ғана емес, сол мемлекеттің өркениет көшінен алар орны мен деңгейін де белгілейді.

Бүгінгі күні Қазақстанның мемлекеттік Туы өзімен экономикалық және достық қарымқатынас орнатқан көптеген мемлекеттерде желбіреп тұр.
Жеңімпаз спортшыларымыз Туымызды көкке көтеріп, Әнұранымызды асқақтатуда.

Бұл әрбіріміз үшін зор мақтаныш, бақыт екені даусыз!

Осы ретте, жас ұрпақтың Мемлекеттік рәміздерге деген құрметін қалыптастырып, санасына сіңіру баршамыздың азаматтық борышымыз ғана емес, басты жауапкершілігіміз екенін естен шығармасақ деймін.

Қымбатты қармақшылықтар!
Әрқашанда Елтаңбамыздың еңсесі биік болып, Мемлекеттік Туымыз көк жүзінде қалықтап, әсем әуенді Әнұранымыз шырқала берсін!

Барша аудан халқын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздер күнімен шын жүректен құттықтай отырып, еліміздің кемел келешегін нығайту жолындағы еңбектеріңізге зор табыс, мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке тілеймін!

Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, мемлекетіміздің мерейі үстем, еліміздің егемендігі баянды болсын!
Құрметпен, Қармақшы ауданының әкімі
Жандос ЕРКІНБЕК
04 маусым 2023 ж. 564 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 414
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 213

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930