» » Қармақшыда Балаларды қорғау күніне орай мерекелік іс-шара өтті

Қармақшыда Балаларды қорғау күніне орай мерекелік іс-шара өтті

qarmaqshy-tany.kz Бүгін аудан әкімі Жандос Еркінбек 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай салтанатты іс-шараға қатысып, балаларды құттықтады.

– Бүгінгі жас ұрпақ – еліміздің ертеңгі күнге деген үміті. Балаларымыз лайықты тәрбие алсын, бос уақытын пайдалы өткізсін деген мақсатпен ауданда қаншама ауқымды шаралар атқарылып жатыр, болашақта да жалғасын таба бермек. Елдегі барлық игіліктер де жас буынның кемел келешегі үшін жасалады, – деді аудан басшысы.

Сондай-ақ, аудан әкімі мерекелік іс-шара барысында Жосалы кентіндегі №183 мектепке және Төретам кентіндегі №269 мектепке 2 жаңа автобустың кілтін табыстады.
Одан соң, орталық алаңда бүлдіршіндерге мерекелік көңіл-күй сыйлау үшін концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, 1000-ға жуық балаларға балмұздақтар таратылып, ойын-сауық (батут) құралдары тегін қызмет көрсетті.

01 маусым 2023 ж. 406 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№76 (10444)

07 қазан 2025 ж.

№75 (10443)

04 қазан 2025 ж.

№74 (10442)

30 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 610
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 385

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031