» » Қармақшыда Саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткіш ашылды

Қармақшыда Саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткіш ашылды

qarmaqshy-tany.kz Бүгін 31 мамыр Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай ауданда қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткіштің ашылу салтанаты өтті.

Ашылу рәсімінде аудан әкімі Жандос Еркінбек сөз сөйлеп, бүгінгі атаулы күннің мәні мен маңызына тоқталды.

Сондай-ақ игілікті істі қолға алып, халқымыздың тарихындағы қасіретті кезеңде жазықсыз жазаланған азаматтардың есімін тарих жадында мәңгі есте қалдыру мақсатында арнайы ескерткіштің орнатылуына үлес қосқан азаматтарға алғысын жеткізді.

Сонымен бірге тағылымы мол іс-шараға аранайы келген Мемлекет және қоғам қайраткері Еламанов Бекмырза Қайыпұлы және Қармақшы ауданының Құрметті азаматтары Молдабек Меңлібайұлы мен Ясин Мәлікұлы ізгі лебіздерін білдіріп, естеліктерімен бөлісті.

Одан соң Саяси қуғын-сүргіннің құрбандары болған бабалар рухына құран бағышталып, Қармақшы елінің жұртшылығы атынан тағзым гүлі қойылды.

31 мамыр 2023 ж. 352 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 755
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 120

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 481

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930