Асыл қазына

qarmaqshy-tany.kz ІІІ Интернационал ауылдық кітапханасының «Coworking» орталығында этнос өкілдері арасында «Тілге құрмет – елге құрмет» тақырыбында аудандық байқау өткізілді. Басты мақсаты – қазақ тілі мәртебесін көтеру, қазақ тілін сүю, қадірлеу, тілді құрметтеу.

Байқауға орта сыныптан 17 оқушы қатысты. Олар ақын-жазушылардың тіл туралы өлеңдерін нақышына келтіріп жатқа айтудан өзара жарысты. Оған ауылдық мәдениет үйінің директоры Т.Асылбеков және ауылдық округ маманы Д.Тельманов қазылық етті.

Нәтижесінде бас жүлдені 7 сынып оқушысы Валерия Ким иеленсе, І орынды 8 сынып оқушысы Филиз Алладинова, ІІ орынды 8 сынып оқушысы Элиф Ферманова, ІІІ орынды 7 сынып оқушысы Мелек Аштарова жеңіп алды. Жеңімпаздарға аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры К.Қаниеваның алғыс хаты мен аудандық мәдениет және спорт бөлімінің демеушілігімен сыйлықтар табысталды.
Рима ТҰРМАНОВА,
ІІІ Интернационал ауылдық кітапханасының кітапханашысы
28 мамыр 2023 ж. 437 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№73 (10541)

26 қыркүйек 2026 ж.

№72 (10540)

22 қыркүйек 2026 ж.

№71 (10539)

18 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 917
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 167

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930