» » Интернационал ауылында тіл мәртебесін көтеруге арналған байқау өтті

Интернационал ауылында тіл мәртебесін көтеруге арналған байқау өтті

qarmaqshy-tany.kz Қармақшы ауданы ІІІ Интернационал ауылдық кітапханасының КОВОРКИНГ орталығында этнос өкілдері арасында «Тілге құрмет - елге құрмет» атты тақырыбында аудандық байқау өтті.

Байқаудың мақсаты қазақ тілі мәртебесін көтеру, қазақ тілін сүю, қадірлеу, тілді құрметтеу болып табылады. Оған 5, 6, 7, 8 сыныптарынан 17 оқушы қатысты. Олар ақын-жазушылардың тіл туралы өлеңдерін нақышына келтіріп жатқа айтып, өзара жарысты.

Нәтижесінде әділ қазылар алқасы, мәдениет үйінің директоры Т.Асылбеков және ауылдық округі маманы Д.Тельмановтың шешімімен Қармақшы аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры К.Қаниева Бөгенбайқызының Алғыс хаты және Қармақшы аудандық мәдениет және спорт бөлімінің демеушілігімен сый-сияпаттарға ие болды. Бас жүлдені 7 сынып оқушысы Валерия Ким, бірінші орынды 8 сынып оқушысы Филиз Алладинова, екінші орынды Элиф Ферманова, үшінші орынды 7 сынып оқушысы Мелек Аштарова иеленді.
барлық қатысушылар да Алғыс хатпен марапатталып және сый-сияпатқа ие болды.
25 мамыр 2023 ж. 605 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№88 (10456)

18 қараша 2025 ж.

№87 (10455)

15 қараша 2025 ж.

№86 (10454)

11 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 892
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 596

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930