» » Қармақшы аудандық полиция бөлімі ЕСКЕРТЕДІ!

Қармақшы аудандық полиция бөлімі ЕСКЕРТЕДІ!

Фото: ашықдереккөзден
Адамдарды алдау үшін алаяқтар «Instagram», «Facebook», «Telegram», «Вконтакте» әлеуметтік желілерін, «OLX.KZ», «MARKET.KZ», «KOLESA.KZ», «KRISHA.KZ» сайттарын және «What’s App» мессенджерін пайдалануда. Олар жалған интернет-дүкендер, «фейк» парақшалар, сайттар ашып, түрлі тәсілдермен адамдарды алдап, сенімдеріне кіреді.

Мысалы, өзін банк қызметкерімін деп таныстырып, есепшоттағы ақшаларды бөгде адам түсіріп алайын деп жатқанын айтып, есепшоттағы ақшаларды резерв шотқа салуға сендіріп, әр түрлі халықаралық банк карталарына аударту арқылы иемденіп алуда.

Одан басқа, азаматтардың жеке мәліметтерін пайдалана отырып, әр түрлі микрокредиттік мекемелердің сайттары арқылы онлайн несиелерді рәсімдесе, «Instagram», «Вконтакте», «What’s App» әлеуметтік желілері арқылы және «OLX.KZ», «KRISHA.KZ», «KOLESO.KZ» сайттары арқылы парақша ашып, әр-түрлі (пәтер, автокөлік, оның бөлшектері, киім-кешек, аяқ-киім сату, пәтер жалға беру, жұмысқа орналастыру, несие алып беру, банктегі қара тізімнен шығарып беру қызметтері және т.б.) жарнамалар шығарып, интернет желісінен жүктелген тауарлардың фотосуреттерін жүктеп, арзан бағаға сатылатыны туралы жарнамалаған.

Мысалы, биылғы жылдың 31 наурыз күні белгісіз адам ақпараттық жүйені пайдаланушыны алдап, сенімін теріс пайдалану жолымен, өзін банк қызметкері деп таныстырып, +7-747-881-56-83 абоненттік нөміріне тіркелген «WhatsApp» мессенджері арқылы сөйлесіп, “Xalyk” банкінен 1 312 815 және 1 041 667 теңге несие рәсімдетіп, сонымен қатар “ForteBank” банкінен 3 959 394 теңге несие рәсімдетіп, жалпы 6 313 876 теңге ақшасын аудартып, хабарсыз кеткен.

Осындай жайттарға байланысты, Полиция қызметкерлері қауіпсіздік шараларын, атап айтқанда:
-Банкоматтық картаныздың нөмірін және CVV-кодын, ұялы телефонға банктен келген смс-кодтарды ешкімге айтпауды;
-Жеке куәлігіңіз бен банкоматтық карточкаларыңыздың фотосуреттерін, ЖСН және банктердегі есепшот нөмірлеріңізді ешкімге жолдамауды;
-Егер Сіздің банкоматтық картаңызға ақша түссе, ол ақшаның нақты қайдан түскенін банк арқылы білуді;
-Күдікті сайттарға, «What’s App» мессенджеріндегі «ақша көбейтетін» топтарға кірмеуді;
-«AnyDesk» бағдарламасын ұялы телефонға қондырған кезде сақ болуды;
-«MetaTrader 4» платформасымен жұмыс жасағанда ерекше сақ болуды ескертеді.

Қармақшы аудандық полиция бөлімі, криминалдық полиция бөлімшесі


23 мамыр 2023 ж. 641 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (10362)

07 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 912

Сұхбат

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031