» » Алаяқтықтан сақтаныңыздар

Алаяқтықтан сақтаныңыздар

Фото: ашықдереккөзден
qarmaqshy-tany.kz Қоғамдағы алаяқтық қылмыстарының толастамауы алаңдатарлық жағдай туғызуда. Яғни, азаматтардың адал еңбекпен тапқан мүліктері мен қаржыларын қылмыстық жолмен иемденіп немесе қаржы ұйымдарының алдында негізсіз қарызға батыру арқылы оңай олжа табу деректері тыйылмауда.

Алаяқтық қылмыстарының кең тараған түрі – ол интернет ресурстары мен әлеуметтік желі арқылы жасалған алаяқтық қылмыстары.
Әлеуметтік желі арқылы ақша айналымы чаттарына адамдарды тартып, олардан ақша сұрап, салған ақшаны еселеп қайтарып аласың деп халықты алдап, әлеуметтік желі арқылы өздерінің шоттарына ақшаны аудартып алып, қаржыны иемденіп, өзі салымшылардан жасырынып, ізін суытуда. Одан бөлек, осы интернет ресурстары, мобильді қосымшалар арқылы зат сатып алып алу немесе сату мәселесі көп жағдайда алаяқтардың құрығына айналған.

Себебі, тұрғындар өздеріне қажетті заттарды сатып алу үшін танымайтын адамдардың есеп шоттарына күні бұрын ақша төлемдерін аударып, кейіннен ол тұлғаны мүлдем таба алмай қалады. Алаяқтықтың тағы бір жолы кейбір тұлғаларға бейтаныс адамдар хабарласып, сіз ұтыс ұттыңыз, қандайда бір фирманың атынан сізге сыйақы береміз немесе тағы басқа да жолдармен сендіру арқылы оның жеке куәлік, банктік мәліметтерін алып, сол бойынша банктерден немесе микрокредиттік ұйымдардан электронды түрде несие рәсімдеп, жәбірленушіні қарызға батырып кетеді. Бұл қылмыстардың құрбаны болудың басты себептері тұрғындардың әлеуметтік желі арқылы оңай жолмен пайда табу, ұтымды сауда-саттық жасау туралы қалыптасқан аңғалдық сана сезім. Осының салдарынан аталған қылмыс жылдан-жылға жалғасып, үдей түсуде.

Алаяқтықтың құрбаны болмау үшін бейтаныс адамдарға дербес деректерді, жеке басты куәландыратын құжаттарды, банк кәртішкелерін, олардың деректемелерін бермеу және әлеуметтік желі арқылы қандай да бір қызмет немесе зат үшін алдын ала ақша аудармау қажет. Бұндай жағдайға баруға мәжбүр болсаңыз, ол адамның алаяқ емес екеніне анық көз жеткізген соң ғана әрекет етіңіз. Аталғандардың негізінде құрметті аудан тұрғындары, алаяқтардың арбауына түспеу өз қолдарыңызда екендігін назарларыңызға жеткіземіз.

Қармақшы аудандық прокуратурасы

24 сәуір 2023 ж. 301 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (10362)

07 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 908

Сұхбат

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031