Алаяқтықтан сақ болыңыздар!
qarmaqshy-tany.kz Қәзіргі уақытта елімізде белең алып отырған алаяқтық қылмыстарын ескере отырып, оның ішінде алаяқтық қылмыстарының көбі интернет арқылы жасалатыны болып отыр яғни ақпарттық жүйені пайдаланып жасалатын түрі. Егер сізге телефон арқылы хабарласып әр-түрлі сылтаулар айтып (сіздің атыңыздан несие рәсімдеп жатыр, шотыңыздағы ақшаңызды алаяқтар аударып алуға әрекет жасауда т.б.) өзін қандайда бір банк қызметкері болмаса бір мемлекеттік мекеме қызметкері ретінде таныстырып, сенімге кіріп жеке басытарыңыз туралы мәліметтерді алып (ЖСН; жеке куәлік нөмері т.б.), алаяқтық қылмыстарын жүзеге асыруда. Осыған орай қандай жағдай болсада таныс емес адамға жеке басыңыз туралы мәлімет бермеңіздер, мемлекеттік мекеме, банк қызметкерлері сіздерден ондай ақпараттарды ұялы телефон арқылы сұрамайды.
Әлеуметтік желілерде (ватсап, инстаграм, фейсбук,) әр-түрлі ойындар ойнатамыз ия болмаса салған ақшаңызды үстемелеп қайтарып береміз деген сылтаулармен жарнамалар жасап, сенімге кіріп, ғаламтордан қолданбалар (приложение) жүктету арқылы әр-түрлі шоттарға ақша аудартып алуда. Мұндай ақпараттарды тек қана ресми сайттардан алуға болатынынескертеміз.
Егер сіз алаяқтық қылмыстарының құрбаны немесе куәсі болсаңыз 102 арнасы арқылы хабар берулеріңізді сұраймыз.