» Интернет алаяқтарына алданып қалмаңыз!

Интернет алаяқтарына алданып қалмаңыз!

qarmaqshy-tany.kz Қазіргі уақытта алаяқтық қылмыстарының көп тараған түрі – ол интернет ресурстары және әлеуметтік желі арқылы жасалған алаяқтық қылмыстары.
Әлеуметтік желі арқылы адамдарды тартып, олардан ақша сұрап, халықты алдап, сеніміне кіріп, өздерінің шоттарына ақшаны аудартып алу жағдайлары жетерлік. Оның себебі, адамдар әлеуметтік желіде отырып, ақшаны оңай жолмен табуға болатыны туралы қалыптасқан сана сезім.
Жарнамалары «смартфон, ноутбук ұтып алдыңыз», «өте төменгі баға», «тек қана осы апта», «тауар саны шектеулі», «сатып алуға асығыңыз» деп басталып, ұтысыңыңызды алып кету үшін жеке мәліметтеріңізді сұрайды. Мұндай күмәнді хабарламаларға мәліметтеріңізді бермеңіз. Халыққа ескертетін бір жайт, банктер болсын, құқық қорғау органдары болсын, еш уақытта сізге телефонға хабарласып немесе мессенджермен жазып, логин, пароль секілді құпия мәліметтерді сұрамайды. Тіптен қажет болған жағдайда, банк қызметкері сізге хабарласып, мәселені нақтылау үшін «біздің кез келген бөлімшеге келіп кетіңіз» деп өтінуі мүмкін. Өйткені, телефон арқылы мұндай мәселелер шешілмейді. Осыны ұмытпаған жөн.
Интернет алаяқтардан сақ болудың қарапайым қауіпсіздік шаралары: дербес деректерді, пластикалық карталардың мәліметтерін, кодтарды және құпия сөздерді ешкімге хабарламауға, белгісіз әрі тексерілмеген сайттар арқылы алдын ала төлем жүргізбеуге, күмәнді мәмілелер бойынша ақша аударымдарын жүзеге асырмауға, ұялы телефон мен компьютерге белгісіз қосымшаларды орнатпауға, кез келген сілтеме бойынша өтпеуге, спам хабарламаларға сенбеу.
Осы орайда Қармақшы ауданының Полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторларымен өздеріне бекітілген әкімшілік аймақтарында орналасқан сауда орындары, дүкен адам көптеп жүретін жерлерге «Алаяқтардан сақ болайық» атты жадынамаларды таратып, тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.

Қармақшы ауданының Полиция бөлімі
Жергілікті полиция қызметі бөлімшесі

---
10 сәуір 2023 ж. 356 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 383
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 175

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930