Есеп берді

qarmaqshy-tany.kz ҚР ІІМ Байқоңыр қаласындағы Өкілдігінің бастығы, полиция полковнигі Алтынбек Ахметов Төретам кенті клуб үйінде екі елді мекен тұрғындарымен кезекті есепті кездесуін өткізді.
Есеп беру жиынында ол өткен және биылғы жылдың І тоқсанындағы өңір бойынша қылмыстың және қандай да бір құқық бұзушылықтың алдын алу, жолын кесу бағытында атқарылған жұмыстарды баяндады.

Оның ішінде, Төретам кенті және Ақай ауылдық округінде криминогендік ахуал бойынша өткен жылы және осы жылдың І тоқсаны бойынша Байқоңыр қаласы, Төретам кенті, Ақай елді мекенінде жекелеген қылмыс түрінің және жол-көлік оқиғасының алдын алуда ұйымдастырылған жедел профилактикалық іс-шаралар және оның нәтижесі жайлы әңгімеледі.

Есепті кездесуде ҚР ІІМ Байқоңыр қаласындағы Өкілдігінің бастығы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын негізге ала отырып, тұрғындар тарапынан қойылған бірқатар сұраққа тұшымды жауап берді. Сонымен қатар, жиында жергілікті атқарушы органдарға алдағы уақытта бірлесіп атқаратын жұмыстар бойынша ұсынысын жеткізді.
Нұрбай ЖАНӘДІЛОВ
21 мамыр 2023 ж. 409 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№88 (10456)

18 қараша 2025 ж.

№87 (10455)

15 қараша 2025 ж.

№86 (10454)

11 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 892
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 596

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930