» » Келіні жақсы үйдің керегесі алтын

Келіні жақсы үйдің керегесі алтын

qarmaqshy-tany.kz 12-мамыр күні "Дүниежүзілік медбикелер күніне" тұспа-тұс, ауданымыздағы Халыкаралық "Қазақ тілі қоғамы" қоғамдық бірлестігінің филиалының "15-мамыр - Халықаралық отбасы күніне" арнап, ұйымдастырған "Келіні жақсы үйдің керегесі алтын" тақырыбында келіндер байқауы өтті. Бұл байқаудың шарттары: 1.Өзін-өзі таныстыру;
2.Өнер көрсету;
3.Бесік жырын орындау;
4.Қолөнер шеберлігін көрсету;
5.Салт-дәстүрге байланысты сұрақ-жауап.
Шараның мақсаты: Шаңыраққа түскен келіннің өз бойындағы қадір-қасиетін,ибалылығын, өнегелілігін,шеберлігі мен бойындағы өнерін, ағайын мен қоғамдағы қарым-қатынасын, ерін құрметтеуін,елін сыйлауы мен бала тәрбиелеуін, отбасы құндылықтарын сақтап, дәріптеуін пысықтау. Жақсы келіндерді, өнегелі жастарды өзгелерге дәріптеу, үлгі ету.
Ата-енесін құрметтеген, азаматын ардақтаған елге сыйлы келіндердің ізет-ілтипаты, халқымыздың салт-дәстүрлерін жетік білуі, бесік жырын орындауы,өз өнерлерін көрсетіп, шеберліктерімен таныстыруы залдағы ел көңілінен шықты.
Әр келіннің өз ерекшеліктері бар,қарап отырып сүйсінесің. Келіні жақсының-керегесі алтын екеніне дау жоқ.
Келін - үйдегі мен түздегінің ортасын байланыстырып отыратын, өзі енеден, үлкеннен өнеге ала отырып, өзгені тәрбиелей алатын, Алланың берген аманат өмірінен әйел бақытын жасайтын, әлемді әлдилейтін ғажайып жаратылыс.
Осындай зор қасиеттің қадіріне жету әрбір әйелдің қолынан келуі керек.
Б.Момышұлы атамыз айтқандай: "Мен қанша батыр болсам да, бөтен, танымайтын елге бір сағат та тұрғым келмей қашамын. Ал, қыз болса, барған жерінде жалғыз өзі, өмірінде көрмеген, танымайтын адамдармен тіл табысып, сол елді біріктіріп ел де қыла алады, сыйлата да алады, алыса да алады, қаймықпастан ұрпағын да көбейтіп, сол елді жеңіп, мәңгі билейді" деп, дәл солай, біздің қыздарымыз батыр. Байқау-бұл сайыс. Сайыс болған жерде жеңіс пен жеңіліс қатар жүреді.
Бұл байқауды аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Мереков ағайымыз ашып, қатысушы аудан көлемінен келген жеті келінге,көрермендерге ықыласын білдіріп,аталық ақ батасын берді.
Байқауды "Қазақ тілі" қоғамдық бірлестігінің төрайымы Раева Гүлжаухар апай қорытындылап, әділ-қазылар алқасының төрайымы Нуршат Наурызбаева қатысушыларды лайықты, жүлделі орындармен, бағалы сыйлықтармен марапаттады.

13 мамыр 2023 ж. 460 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 400
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 201

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930