» » Жүрегі жырға толы ақын апа

Жүрегі жырға толы ақын апа

qarmaqshy-tany.kz Киелі Тұрмағамбет ауылынан жауһар жырымен елді тамсандырған ақын-жазушы да, сазды мақамымен тыңдарман жүрегін жаулап алған жыршы-жырау да, өткір тілді шешен де, ұлағатты ұстаз бен мемлекет және қоғам қайраткері де түлеп ұшқан. Сондай дарын иелерінің бірі – ақын, сауда саласының ардагері, «Алтын алқа» иегері Үрліхан Өндібаева.
Поэзия – жұмбақ та сырға толы әлем. Жүректен шыққан мағыналы жыр ғана оқырманға жол тартып, ана сүтіндей алпыс екі тамырыңды иітері рас.

«Жыр әлемі – рухсыздықтан, жігерсіздіктен, әлсіздіктен аулақ» дегендей, ақындық текпен берілетін қасиет. Қарапайым адам түйсіне алмайтын дүниені ақынжүрек бірден байқайды. Ақынның өзгелерден өзгешелігі де осы қасиетінде. Осындай талант иесінің әрбір өлең жолынан шынайы ақындық шабыттан туған жыр маржанын кездестіресіз. Оның ішінде, атамекенге, ел азаматтарына, табиғатқа деген махаббаты ерекше.

Жуырда «Жүз шайырдың Отаны» атанған киелі өңір Тұрмағамбет ауылында Қуандық Бүрлібаев атындағы клуб үйі мен кітапханасының ұйымдастыруымен ақын Үрліхан Қазыбайқызының 82 жасқа толуына орай шығармашылық сыр-сұқбат кеші өтті.

Жас айтыскер Бекқанат Смайлұлының ақын анаға арнау жырымен басталған кеште ауыл әкімі Мұрат Алдамұратов іс-шараның өткізілу мақсатына, ақынның шығармашылығы мен өнегелі өмір жолына тоқталып, қазақы дәстүрмен қамзол жауып, сыйқұрмет көрсетті.
Содан соң сөз алған ақынның балалық кезден құрбысы, есімі аймаққа танылған ұлттық салт-дәстүрді насихаттаушы Күлпаштай Қартаңбаева, аудандық ауыл шаруашылығы және жер бөлімінің сектор меңгерушісі Сәрсенкүл Есқалиева, аудандық «Қармақшы таңы» газетінің бас редакторы Сәрсенкүл Райымбаева, ұлағатты ұстаз, ақын Зарипа Тасымова, жыршы Зәуре Кәрібева жылы лебіздерін білдіріп, сый-сияпат жасады.

Одан әрі іс-шара сұрақ-жауап бөліміне ұласып, қатысушылар ақынға түрлі тақырыпта сұрақтар қойса, Үрліхан Қазыбайқызы шығармашылығы мен өмір жолынан естеліктер айтып, кеш ажарын ашты.

Сыр-сұқбатта ақынның «Шайырлықпен шартарапты шиырлап» атты жаңа жинағының тұсаукесері жасалып, кітаптан орын алған өлеңдер жайлы әңгіме тіні тарқатылды.

Тағылымы мол болып өткен ісшарада ауыл өнерпаздары Талғат Байменов, Арай Оңғарқызы, Ұлықбек Мінуаров, Ғазиза Мамбетова, Фатима Мархабатова, Еркеназ Ерболатқызы, Гүлжауһар Оңалбай ән мен жырдан шашу шашса, «Асела» би тобы би билеп, көрермендерге көтеріңкі көңілкүй сыйлады.
Нұрбай ЖАНӘДІЛОВ
13 мамыр 2023 ж. 372 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 039

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031