» » Жастар денсаулығы – қоғам байлығы

Жастар денсаулығы – қоғам байлығы

Биыл облыстық жастар денсаулығы орталығына жүгінген жастардың саны былтырғы жылдың үш айымен салыстырғанда 58,5 пайызға өскен. Аталмыш орталыққа көбіне кеңес алу, емдеу-сақтыру, психологиялық тұрғыда көмек алу мақсатында жүгінеді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық жастар денсаулығы орталығының ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің дәрігері Сәуле Қауысова хабарлады.

-Бүгінгі күні облысымызда 14-28 жас аралығындағы жастардың саны -176,985. Бұл облыс тұрғындарының 26,7 пайызын құрайды. Осыған сәйкес, жастардың денсаулығын сақтау және психологиялық тұрғыда көмек беру мақсатында біздің орталықта белсенді іс-шаралар жүргізілуде. Облыстық жастар денсаулығы орталығы 3 құрылымдық бөлімнен тұрады және жалпы тәжірибелі дәрігерлер мен акушер-гинеколог, уролог, дерматовенеролог мамандар қызмет етеді. Ал психолог мамандардан кеңес алғандар саны – 2282 жасты құрайды. Жалпы психолог мамандардан кеңес алушылардың басым бөлігі нәзік жандылар. Ал тұрғылықты жері бойынша қала тұрғындарының үлесі басым. Көбіне 15-28 жас аралығындағы жастар психологиялық көмекке мұқтаж. Оларға тиісінше керекті ақыл-кеңес беру және түрлі мәселелерін шешуге көмектесу - біздің негізгі міндетіміз, - деді Сәуле Смағұлқызы.
@Өңірлік коммуникациялар қызметі
12 мамыр 2023 ж. 770 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№80 (10548)

20 қазан 2026 ж.

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 129
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 324

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031