» » Отбасын құруды жоспарлау - маңызды қадам

Отбасын құруды жоспарлау - маңызды қадам


Қаладағы облыстық жастар денсаулығы орталығы жастардың салауатты өмір сүру қағидатын қалыптастыруға ерекше қолдау көрсетіп келеді. Мәселен, былтыр аталмыш орталыққа 19 мыңнан астам жас жүгініп, емдеу-сауықтыру және қажетті кеңес алу бойынша тиімді шараларды қабылдаған. Соның бірі – отбасын жоспарлау алдындағы негізгі міндеттер. Өмірге дені сау ұрпақ әкелу ата-анаға тікелей байланысты болғандықтан, жанұя құрғысы келетін жастардың негізгі мәселелеріне назар аудару – орталықтың басты міндеті болып саналады. Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ұйымдастыруымен өткен көшпелі брифингте дәрігер мамандар пайдалы ақпараттарымен бөлісті.
- Біздің орталықтың негізгі бағыты – жастарда кездесетін әртүрлі дерттің алдын алу болып табылады. Сәйкесінше, орталыққа 10-29 жас аралығындағы кез келген жас жүгіне алады. Біз ең алдымен отбасын құрғысы келетін жастарды толықтай профилактикалық тексеруден өткіземіз. Орталықта гинеколог, уролог, дерматолог, психолог мамандар жұмыс істейді. Олар әрбір азаматты жіті тексеріп, қажетті кеңестерін береді. Қазіргі таңда жастар арасында дұрыс тамақтанбау, қимыл-қозғалыстың аздығы және ағзаға керекті дәруменнің жетіспеуі салдарынан көптеген аурулар пайда болады. Бұл өз кезегінде бала жоспарлап жүрген жандарға әсер етпей қоймайды. Сол себепті жанұя құрғысы келетін әрбір жас міндетті түрде денсаулықтарын тексертіп, дәрігерлерден кеңес алуы қажет, - деді облыстық жастар денсаулығы орталығының валеолог маманы Гүлназ Мазқожа.
-Өмірге дені сау бала әкелу – үлкен жауапкершілікті қажет етеді. Мәселен, алкогольді сусындар мен шылым шегу адам денсаулығына зиян тигізумен қатар, оның ұрпағына кері әсер етеді. Сондықтан мейілінше зиянды әдеттерден аулақ болу керек. Тағы бір айта кететін жайт, дәрігерлер бала жоспарлау алдында ерлі-зайыптыға арнайы алгоритм әзірлейді. Осы арқылы кез келген ауруды ерте анықтап, емделуге мүмкіндік болады, - деді № 1 қалалық емхананың психолог маманы Мөлдір Әбдірейова.

@Өңірлік коммуникациялар қызметі

10 қаңтар 2023 ж. 475 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 022

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031