» » Отбасын жоспарлау, жас аналарға кеңес

Отбасын жоспарлау, жас аналарға кеңес

Бүгін Отбасы күніне орай Интернационал ауылындағы емхана амбулаториясында Қармақшы Аудандық Орталық Ауруханасының қызметкері және ерікті жастар қоғамының жетекшісі Асем Мерекова, Қармақшы Жастар Денсаулығы Орталығының психологы Әмина Кетебаева және аудандық Қоғамдық Келісім коммуналдық мекемесінің маманы Нұргүл Айтбаева "Отбасын жоспарлау, жас аналарға кеңес"атты тақырыбында семинар-кеңес өткізді.
ЖҮКТІЛІККЕ ДАЙЫНДЫҚТЫ НЕДЕН БАСТАУ КЕРЕК?
Дүниеге дені сау ұрпақ əкелу əр ата-ананың арманы. Бізде əйелдер көбіне жүкті болғаннан кейін дəрігерге барса, көптеген дамыған елде жүктілікке дайындық алдын ала жүргізіледі. Жалпы, отбасын құрамын деген екі жас алдын ала тексеруден өту керек.
ЖҮКТІЛІККЕ ДЕЙІН ҚАНДАЙ МАМАНДАРҒА БАРУ ҚАЖЕТ?
Балалы болуды қалайтын барлық əйелдер:
-жалпы қан талдауы;
- қанның биохимиялық талдауы;
-жалпы несеп талдауы;
-жағынды(мазок) жəне жыныс жұқпаларына қан талдауы;
-медициналық-генетикалық кеңес алу;
-терапевт кеңесі;
-гинеколог кеңесі;
-стоматолог кеңесі;
-жұбымен жыныс жолдары арқылы берілетін жұқпаларға (хламидиоз, микоплазмоз,уреплазмоз, сифилис, герпес,токсоплазмоз,цитомегаловирус);
-В жəне С гепатитіне тексерілуі қажет.
Дені сау, денсаулығы мықты əйел дүниеге дені сау баланы əкеледі. Сондықтан алдын ала диагностика-анализ тапсырып, жасаңыз. Себебі тоғыз ай аналық құрсағыңыз жаңа өмірдің қуат-нəр көзі болады.
Жүкті болғанда қабылдайтын дəрумендерді сізге дəрігеріңіз жазып береді.
Ал жүктілікке дейінгі дайындық кезеңіне мына дəрумендер жеткілікті болуына көз жеткізіңіз. С, Е , В дəрумендері мен бета-каротин -бұл антиоксиданттар .Оларды қабылдау қан тамыры жүйесінің жұмысын қалыпқа келтіреді.Антиоксиданттар иммунды жүйені сақтайды.
Жүктілікті жоспарлағаннан 6ай бұрын жəне бала көтергеннен 12 аптаға дейін фолий қышқылын қабылдау керек.
08 қыркүйек 2022 ж. 585 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 255

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 355

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930