» » БҮГІНГІ ҚАДАМЫҢ –БОЛАШАҚТЫҢ БЕДЕРІ

БҮГІНГІ ҚАДАМЫҢ –БОЛАШАҚТЫҢ БЕДЕРІ

РЕПРОДУКТИВТІК ДЕНСАУЛЫҚТЫ САҚТАУ – ӘР АДАМ ҮШІН МАҢЫЗДЫ. РЕПРОДУКТИВТІ  ДЕНСАУЛЫҚ ДЕГЕН ТҮСІНІККЕ ЖЫНЫСТЫҚ  ДАМУ, ЖЕКЕ ГИГИЕНА, ЖЫНЫСТЫҚ ҚАТЫНАС ЖАТАДЫ. АЛ, ЕНДІ ЖЕКЕ ТОҚТАЛАР БОЛСАҚ, ЖЫНЫСТЫҚ ДАМУ – АДАМ АҒЗАСЫНЫҢ ГЕНЕТИКАЛЫҚ ТҰРҒЫДА ТАБИҒИ ӨЗГЕРУ КЕЗЕҢІ. БҰЛ  КЕЗЕНДЕ БАЛА ЕСЕЙІП, ҚАРАМА-ҚАРСЫ ЖЫНЫС ӨКІЛІНЕ ДЕГЕН ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ ТУЫНДАЙДЫ. ЕР БАЛАНЫҢ БЕТІНЕ ТҮК ШЫҒА БАСТАЙДЫ, ДАУЫСЫ ӨЗГЕРЕДІ, ДЕНЕ БІТІМІ ШЫМЫРЛАНА ТҮССЕ, ҚЫЗДАРҒА ЕТЕККІР КЕЛІП, СҮТ БЕЗДЕРІ ҚАЛЫПТАСАДЫ, ДЕНЕ БІТІМІ ТОЛЫҚСИ БАСТАЙДЫ. БҰЛ – ПРОЦЕСТЕРДІҢ БАРЛЫҒЫ ДА АДАМ БАЛАСЫ ТАРАПЫНАН  ҰРПАҚ ЖАЛҒАСТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ТАБИҒИ ҚАЖЕТТІЛІК ДЕП АТАЛАДЫ.
Бұл ер бала мен қыздың болашақ ата-ана болып қалыптасуының бірінші кезені.Осы кезеңде әр жас өз денсаулығы үшін жауапты. Әрбір жас жыныстық қатынасты бастамас бұрын, оған қаншалықты дайын екенін ойлану керек, себебі  ерте жүктілік, кездесоқ жыныстық қатынастан жұғатын ауру  олардың келешек өмірінің тыныш та  қауіпсіз болуына кедергі келтіреді.
 «Денсаулық – ең үлкен қазына, басқалар оның алдында ештеңе де емес», – деп Шопенгауэр айтқандай,  өздерін күшті сезінген жастар бір күні кәрілік пен кесел жетеді деп ойлай бермейді. Сол себептен жастардың  саламатты өмір салтын ұстануы ата-аналар, ұстаздар, дәрігерлерге байланысты. Отбасында баласына гигиена талаптарына сай тәрбие беру, олардың дұрыс тамақтануы мен  зиянды әдеттерден аулақ болуы, ер балаға әкесі, қызға анасы жыныстық тәрбие беру, репродуктивті денсаулықты қорғауға бағыт бергені абзал. 
Соңғы кездері елімізде жастар арасында бедеулік белең алуда.Әрбір бесінші жұп осы мәселеге  бетпе бет келеді екен. Бұған дейін  бедеулікке тек әйелдерге қатысты делінсе, мамандар аурудың екі жақтан да тең дәрежеде кездесетіні айтылып жүр. Жастар арасында бедеулікке, белсіздікке апаратын себептер көп. Мысалы ауру туа біткен болу мүмкін, сонымен бірге гипогонадизм, яғни аталық бездің дамымай қалуы. Крипторхизм – бұл аталық бездің өз орнына түспей қалуы, көп жағдайда ата-анасы аталық бездің жоқ екенін немесе оның шапта қалғанын көре тұра дәрігерге бармауы. Ондай кезде уақытында ота жасалып, безді орнына түсіру керек, әйтпесе 3 жастан асқаннан кейін бездер өзгеріске ұшырайды. Варикоцеле ауруы 13 жаста басталады .Көбіне алғашқы әскери комиссиядан өткен кезде анықталып жатады, бұған жасөспірім оны білсе де ауру жанына батпағасын дәрігерге көрінбейді, асқынған жағдайда болашақта  бедеулікке әкелуі әбден мүмкін.
Бүгінде  жастар спирттік ішімдіктерге, сыраға әуестік басым. Арақтың кұрамында болатын алкоголь тірі клеткалардың барлығы үшін зиянды у. Ол асқазан сөлі мен қанның құрамына еніп, адамның бауырына келеді. Оның уытын кетіріп, заласыздандырып, қан айналымына жіберетін бауырдың өз клеткалары алкогольдің зардабынан уланып, бірте-бірте бауырдың клеткалары іріп айықпайтын цирроз ауруына ұшырайды. Ал аталық бездерден шығатын шәуіттің сапасы төмендеп, ұрық әлсіз болғасын аурушаң, мүгедек  бала туылады. Сыраны араққа қарағанда қауіпсіз деп ішетін жастар қателеседі. Себебі, сыраның құрамында әйелдердің жыныстық гормондарына ұқсас көп эстроген тектес заттар анықталған, сондықтан сыраны көп мөлшерде тұтынатын  ер кісілердің  дене бітімі  әйел тектес қалыптасады, белінде май қатпары өседі, іші мен көкірек безі ұлғаяды,  ол келе белсіздікке, бедеулікке әкеледі. Отбасын жоспарлау адамдарға отбасындағы бала санын,олардың туылу мерзімін таңдауға,өміріңді жоспарлауға, қажетсіз  уайым-қайғыдан арылуға көмектеседі. Өкінішке орай, қазір отбасы асығыс құрылады. Жастар жыныстық қатынасқа түсіп, контрацепсиядан хабарсыз болғасын, қаламаған жүктілікке тап болады.Содан бала бағуға әлі дайын емес жастар амалсыз үйленуге тура келеді.  Отбасын жоспарлау осындай қателіктерді болдырмауға бағытталған. Емханаларда отбасын жоспарлау кабинеті бар, бірақ өкінішке орай жас отбасылар мамандардың кеңесін алуға құлықсыз.
Облысымызда, әр ауданда  жастар денсаулығы орталығы 11-29 жас аралығындағы жастарға тегін, жасырын түрде медициналық,психологиялық көмек көрсетеді. Қызылорда қаласында облыстық Жастар денсаулығы орталығында гинеколог, уролог, дерматовенеролог дәрігерлердің көмегіне жүгіне алады.  
Жастарымыз  мемлекет денсаулыққа ерекше назар аударып отырғанын  түсініп, орталықтың қызметіне көбірек жүгінсе екен деп тілейміз.
Ұ.ТҰРМАҒАНБЕТОВА,
облыстық Жастар   денсаулығы орталығы 
Қармақшы  құрылымдық бөлімшесінің дәрігері.

20 ақпан 2018 ж. 1 223 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 027

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031