» » Ана мен бала денсаулығы - басты назарда

Ана мен бала денсаулығы - басты назарда

Өңірде биылғы жылдың 3 ай қорытындысымен 5 мыңға жуық нәресте дүние келді. Бұл сәбилердің 95,3 пайызына алғашқы вирусты гепатит В ауруына қарсы екпе егілді. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының ана мен бала денсаулығын қорғау жөніндегі орынбасары Мая Мирзанова хабарлады.

-Жалпы облысымызда туу жасындағы 177 мыңнан астам әйел және 320 мыңға жуық бала тұрады. Нәзік жандылар мен балаларға медициналық көмек көрсету үшін аймағымызда 26 медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету нысаны, 8 перзентхана, сондай-ақ облыстық перинаталды орталық пен көпбейінді облыстық балалар ауруханасы жұмыс атқарады. Қазіргі таңда босандыру ұйымдарының медициналық жабдықтармен қамтылуы – 84 пайызды құраса, балалар стационарларының медициналық құралдармен жабдықталуы – 82 пайыз. Бұл көрсеткішті одан әрі жоғарылату мақсатында «Әр азаматқа сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау», «Дені сау ұлт» ұлттық жобасы шеңберінде арнайы қаржы бөлініп, медициналық ұйымдардың толық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету жоспарлануда. Бұдан бөлек, облыс көлемінде босандыру ұйымдарында барлығы 101 акушер-гинеколог жұмыс істейді. Олардың 53 пайызы оперативті техниканы меңгерген мамандар, - деді басқарма басшысының орынбасары Мая Мирзанова.

Сондай-ақ, биыл «Аңсаған сәби» арнаулы бағдарламасына 274 квота берілді. Оның бүгінгі күнге дейін 137-і игерілді, - деді Мая Мирзанова


05 мамыр 2023 ж. 696 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

№77 (10545)

10 қазан 2026 ж.

№76 (10544)

06 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 056
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 273

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031