» » Жасыңнан шынықсаң, ғасырға жарайсың

Жасыңнан шынықсаң, ғасырға жарайсың

qarmaqshy-tany.kz Жуырда Шоқан Уәлиханов атындағы №26 орта мектепте оқу-тәрбие жұмысын жанжақты бақылау, ата-аналар үшін педагогикалық ағарту ісін ұйымдастыру, ата-ананы мектеп қызметіне белсене араластыру мақсатында «Ашық есік» күні өтті.
Ата-аналар бағдарламаға сәйкес, ашық сабақтарға, тәрбие сағаттарына қатысып, мектептегі оқу процесімен танысты.
Алдымен ата-аналар мектеп кіреберісінде ұйымдастырылған оқушылардың шығармашылық көрмесімен танысқан соң, балалардың сабақ үлгеріміне қанықты.

Атап айтсақ, 6 сыныптарда оқушылар, атаана мен сынып жетекшілері арасында үштік одақ, яғни ата-ана, мұғалім, оқушы арасындағы қарымқатынасты жақсартудағы «Бала тәрбиесі – баршаға ортақ» атты тренинг-сайыс, 7 сыныптарда еңбек ардагерлері және қоғам қайраткерлерімен кездесу, 8 сыныптарда «Ұлттық ойын – халық мұрасы» тақырыбында спорттық ойындар сайысы, 11 сыныптарда «Ата-анамның қолдауы – арманымның орындалуы» атты психологиялық тренинг ұйымдастырылды. Мектеп кітапханасында 7-8 сынып оқушылары мен ата-аналардың қатысуымен «Кітап оқы да трендте бол» тақырыбында буккроссинг өткізілді.

Мектептің акт залында ұйымдастырылған қорытынды жиында мектеп басшысы Мәуегүл Ерғалиева шараның өткізілу мақсатын айтып, 2022-2023 оқу жылындағы жетістіктерге тоқталса, ата-аналар осындай танымдық іс-шараны ұйымдастырушы мектеп әкімшілігіне, ұстаздарға ризашылығын білдірді.

Сонымен бірге, іс-шара аясында 10 сынып оқушыларының қатысуымен «Жасыңнан шынықсаң, ғасырға жарайсың» тақырыбында ауыр атлетикадан екі дүркін әлем чемпионы Ерасыл Сәулебеков пен жеңіл атлетикадан ауданның өткен жылғы «Үздік спортшысы» номинациясының иегері, облыс, республика чемпионаттарының бірнеше дүркін жүлдегері, №30 орта мектептің шәкірті Мұхамедияр Әбілахатовпен кездесу кеші өтті.

«Бастау» мектеп парламентінің президенті Нұрасыл Бақытбек пен парламенттің экология және еңбек фракциясының мүшесі Назерке Әбдіқадірдің жүргізуімен өткен кешті мектеп директоры ашып, мақсатымен таныстырды. Мектептің бүгінгі тыныс-тіршілігі туралы хабарлама жасады.

Одан әрі Миржан Әлтаев, Назерке Зинуллаева, Нұрасыл Ізтілеуов сынды белсенді оқушылар спорт жайлы түсініктерін ортаға салып, оның адам денсаулығына, еліміздің дамуына маңыздылығын сөз етті.

Кеш барысында оқушылар Ерасыл Сәулебеков пен оның жаттықтырушысы Айдар Ералиевке, Мұхамедияр Әбілахатовқа өздері қалаған спорттың ауыр және жеңіл атлетика түрі туралы, жеңісті жолдары мен спортқа деген көзқарасы, алдағы уақыттағы жоспарлары және басқа да сұрақтар қойып, тұшымды жауаптар алды.

Тағылымы мол, тәрбиелік мәні зор болып өткен іс-шара соңында ұлағатты ұстаз Әбутәліп Жалмағамбетов жас спортшыларға батасын берсе, мектеп директоры сый-сияпат жасап, құрмет көрсетті.
Нұрбай ЖАНӘДІЛОВ
08 мамыр 2023 ж. 471 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930