» » Жастардың жаңа QADAM-ы

Жастардың жаңа QADAM-ы

qarmaqshy-tany.kz «Қазақстан – дарынды жастар мекені. Ертең еліміздің абыройын асыратын да – осы талантты ұл-қыздар. Біз олардың өрісін ашып, қарымқабілетін шыңдау үшін бар мүмкіндікті жасауға тиіспіз» деген еді ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бір сөзінде. шыны сол, аудан жастарының белсенділігі көңіл серпілтеді.

Аудан аумағында жастардың достық қарымқатынасын ұлғайту, жастардың уақытын тиімді пайдалануды үйлестіру, қоғамның әлсіз топқа деген мейрімділігін көрсете отырып, қоғамдағы теңдікті сақтау, өскелең ұрпаққа тәрбиелік мәні бар құндылықтарды насихаттау, дәстүрлі емес діни жат ағымдарға жастардың, жұмыссыздардың тартылуының алдын алу бағытында біршама жұмыстар атқарылып келеді. Ерікті болып, жақсылықта жарысып та жүр. Иә, «Жас келсе, іске», «Әрбір жастық шақ жүйріктікке толы» деген секілді тәмсілдер бекер айтылмаса керек-ті. Әрдайым болашақтың тұтқасын ұстап, кемел келешектің жаңашыл бастауы болатын – осы жастар.

Көпшілікті толғандыратын мәселе бар. Аудандағы жастардың жайы қалай? Олар нендей жұмыспен айналысуда? Сауалға жауап іздеп аудандық Жастар үйінің жұмыс барысымен таныстық. Бүгінде орталыққа Нұржұман Пірназаров басшылық етеді.

Жалпы ауданда халық саны 52500 болса, оның ішінде 14-35 аралығында 16622 жасты құрап, 4025 жасқа ұлғайып, жалпы халықтың 31,9% құрап отыр. Оның ішінде, 18-34 жас аралығындағы жастардың саны – 12976.

– Аудандық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен биылғы І жартыжылдық қорытындысы бойынша әртүрлі бағытта 45 шара ұйымдастырылып, оған 1500ден аса жас қамтылған болатын. Өткен жылдың қазан айынан бастап Жастар орталығының бейресми атауын «QADAM» жастар ресурстық орталығы деп өзгерттік. Мақсаты – жастардың барлық жаңа, тың, алғашқы қадамдарына осы жастар орталығы себепші болсын деген ниетпен жасалды. Қазіргі уақытта орталық Qadam kenes, Qadam qamqоr, Qadam qoldau жобаларын іске асырып келеді. Бұл үш бағыт бойынша да біз жастарға жан-жақты кеңес беру, сонымен қоса волонтерлік жұмыстарды қалыптастырамыз. Жастардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында әртүрлі бағыттағы іс-шаралар тұрақты түрде ұйымдастырылды. Алдыға қойған мақсатымыздың бірі – аудан жастарын шағын гранттарға қатыстыру. Республикалық, облыстық, аудандық гранттарға көбірек қатыстырып, кәсіп ашуына ықпал жасау.

Қармақшы киелі мекен болғандықтан, аға буын өкілдері мен жастар арасындағы байланыс орнату негізгі мақсатымыздың бірі. Осы байланыс арқылы жастарды еңбекке баулу, патриоттыққа тәрбиелеу. Сонымен қоса, жас отбасыларға өнегелі отбасыларды дәріптеп, сыйластықты қалыптастыруға бағытталған ісшаралар жүргізіліп отырады, – дейді орталық басшысы Нұржұман Пірназаров.

Жастар қашанда қоғамның қозғаушы күші. Олар өзіндік күш-жігерімен, тың идеясымен болашақтың тұтқасы болып келеді. Біз білетін қазақтың батыры, ақыны, жазушысы да жастайынан әлемге танылды. Олардың арасында ерікті түрде көмек көрсететін белсенді жастардың қатары да артқан. Қазіргі таңда ауданда 300 жас ерікті болып тіркелген. Жосалы кенті бойынша 3 еріктілер тобы жұмыс істейді, олар: «Qasietti Qarmaqsmym» еріктілер тобы (140 жас), «Харекет» қоры филиалы (20 жас), автоволонтерлар (15 жас). Төретам кенті және ауылдық округтер – (135 жас).

Жастар арасындағы тәртіп те тұрақты бақылануда. Қаңтар-наурыз айлары аралығында көше мен қоғамдық орындарда жасалатын қылмыстардың, сондай-ақ адам өмірі мен денсаулығына қол сұғушылықтың алдын алу бағытында аудан әкімдігінің бөлімдері мен құқық қорғау органдары қызметкерлері бірлескен топ құрылып, түнгі 21.00 – 01.00 аралығында рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылды. Пробация есебіндегі жастармен жұмыс та үздіксіз жүргізілуде.

– Ашығын айту керек қой. Жас буынды желдетіп тұрған әлеуметтік желі. Уақытын сонымен өлтіріп жатады. Әлеуметтік желіден көрген дүниесін өмірде қайталағысы келеді. Бірден жетістікке жетуді қалайды. Осы желіден көріп алған соң бәсекеге қабілетті бола ма?! Ойлап қараңызшы. Алдыңғы буын айтып жатады маңдай термен еңбек еттік, күріш ектік деген секілді. Жастар да осы сияқты еңбекпен өсетін болса, ол кезде барлығына дайын болады. Жастардың потенциалы жаман емес. Дей тұра оларға мүмкіндік өте көп. Бұрын потенциал көп, мүмкіндік аз болса, қазір керісінше мүмкіндік көп, потенциал аздау болып тұр. Яғни, жастардың еңбекке бейімділігі төмен, – дейді орталық директоры.

Ауданымызда осы жылдың І тоқсан қорытындысымен пробация қызметінің есебінде тұрған 18-34 жас аралығында 21 жас бар. Биылғы жылдың қаңтарында аудандық жастар ресурстық орталығы мен аудандық пробация қызметі арасындағы өзара ықпалдастық пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылып, түрлі бағыттағы іс-шаралар өткізілуде. І тоқсан қорытындысы бойынша 4 спорттық шара (ұлттық спорт ойындары), дәстүрлі дін бағытында – 1, психологиялық кеңес беру бойынша – 1 кездесу ұйымдастырылды.

Ақпан айында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен халықтың әлеуметтік статусын құру бойынша ортақ база қалыптастыру мақсатында облыс және аудандар бойынша тізім жіберілген болатын. Атап айтқанда, аудан бойынша (министрліктен келген тізім) NEET санатындағы 930 жастың тізімі нақтыланып, жан-жақты зерттелген болатын. Жоғары оқу студенттері – 25, колледж студенттері – 6, үй шаруасындағылар – 106, тіркеу орнында тұрмайтыны – 92, бейресми – 275, тіркелмеген жұмыссыздар – 93, Қазақстан Республикасы шегінен тыс кеткен – 30, бас бостандығынан айырылғандар – 1, статусы анықталмаған – 24, тіркелмеген ЖК – 30, әскердегі – 1, 35 жастан асқандар – 44, мүмкіндігі шектеулі – 1, жұмыстағылар – 202 жас анықталды.

Орталық мамандарының айтуынша, мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау және орталықтың қызметтері бойынша аудандық «Qadam» жастар ресурстық орталығына тікелей келіп кеңес алған 14-35 жас аралығындағы жастар саны – 400. Оның ішінде, «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша – 10 жас, кәсіпкерлік бағыты – 30 жас, теннис үйірмесіне келушілер – 50 жас, дебат ойындары бойынша – 35 жас, тікелей эфир – 215 жас, «Игротека» жобасы бойынша – 60 жас. Мемлекеттік бағдарламаларды жастар арасында насихаттау мақсатында 25 кездесу өткізілді.

16-34 жас аралығындағы аудан жастарын маусымдық жұмыспен қамту мақсатында мемлекеттік бағдарламаның «Жасыл ел» жобасы бойынша жұмыстар жүзеге асырылды. Жалпы мамыр-тамыз айлары аралығында 200 жас маусымдық жұмыспен қамтылды.

«Орталыққа келгеніме жарты жылдан асып кетті. Біршама өзгерістер орын алып жатыр. Оны жастардың өзі де бақылап, байқап жүр. Халық та өз бағасын беруде. Алдағы уақытта Qadam kenes, Qadam qamqоr, Qadam quqyq жобалары негізінде жұмыстар жүйелі жүргізіледі. Сонымен қоса «Көшбасшылар мектебін» ашу жоспарда бар. Ауданда белгілі бір жастардың көшбасшысын қалыптастыру керек. Яғни, имидж деп айтып жатамыз ғой. Жаңа көшбасшылар шығу керек. Алдағы уақытта осы бағыт негізінде жұмыс істейміз. Мұнан бөлек, мемлекеттің жастарға беріп жатқан мүмкіндігін пайдаланып, оларды жан-жақты дамыту. Оқыту курстары да көбейетін болады. SMM, мобилография, осы секілді өзге де салалар бойынша оқыту жоспарлануда. Ал, аға буынмен, үлгілі отбасылармен кездесу, психологиялық кеңестер беру, пробациялық есепте тұрған жастармен жиналыс үздіксіз жүргізіліп тұрады» дейді ол.

Жастар ресурстық орталығының атқарған жұмыстары орталықтың әлеуметтік парақшаларында тұрақты жарияланып отырады. Фейсбук әлеуметтік желісінде 69 материал жарық көрген. Оның ішінде, іс-шараны ақпараттандыру бойынша – 80, ақпараттықтанымдық материалдар – 71, видеоролик – 37, тікелей эфир – 10. Оқырмандар саны – 2830. Инстаграм әлеуметтік желісі бойынша 66 материал жарық көрген. Оның ішінде, іс-шараны ақпараттандыру – 75, ақпараттық-танымдық материалдар – 66, видеоролик – 37, тікелей эфир – 10. Оқырмандар саны – 2713-ді құрап отыр.

Ақнұр САҒЫНТАЙ
05 мамыр 2023 ж. 231 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930