» » Қармақшылық әйел-аналар ағаш екті

Қармақшылық әйел-аналар ағаш екті



qarmaqshy-tany.kz Ата-бабамыздан құнды мұра болып бүгінгі күнге дейін жеткен қазақ халқының салт-дәстүрлерінің түрлері көп. Олардың қазақ ұрпағының тəрбиесіне қосар үлесі де, мәні де зор.

Осы орайда аудандық "Аналар", "Әйелдер" қоғамдық кеңесінің ұйымдастыруымен дəстүрлерді жалғастыруда, бала тәрбиесінде, отбасы құндылықтарын сақтауда, ұрпаққа өнеге болуда атқарып жатқан істері өте көп.

Асыл қазынамызды терең білуге, құрметтеуге, үйретуге, өнегелі істі ұрпаққа жалғастыруға бағытталған осындай келелі бір шарамыз бүгін ауданымызда жаңадан ашылып жатқан №284-Мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының ауласына "Ағаш отырғызу" акциясымен жалғасты.

Қармақшы ауданының ардақты ардагер аналары, ауданның, ауылдық округтердің әйел-аналар кеңесі төрайымдары мен мүшелері және түрлі салада қызмет жасайтын қоғамның белсенді әйел-аналары, қыз-келіншектері мен жалынды жастары қатысып, бірігіп атсалысуымен өткен бұл шарамызға халықтың назарын барынша аударуда белсенділік танытатын, жаңалықтардың жаршысы,аудан айнасы - аудандық "Қармақшы таңы" газетінің редакторы мен ұжымы да белсенділік танытты. Ағаш отырғызумен қатар әрбір сәтті кадрларды фотобейнелеп қалуға тырысты.

Келер ұрпақ алдында аналық миссиямызды жоғары дәрежеде атқарып, ата-анасымен мақтанатындай жастарды тәрбиелеу бізге, біздің қоғамға міндет. Бүгін тал егіп, жерімізді абаттандыруға үлес қосқан барлық аналар қауымы әрбір түпті отырғызарда аналық ақпейілдерімен ырымдап, көшет түбіне ақ құйып, ақ бата, ақ тілектерін жаудырды. "Атадан мал қалғанша, тал қалсын" деген баба нақылында мән жатыр. Еліміз өркендеп, жеріміз гүлдеп, саналы, сапалы ұрпағымыз өсіп, өрлей берсін.
Бүгінгі жас шыбық мәуелі бәйтерекке, саялы баққа айналсын


04 мамыр 2023 ж. 266 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№102 (10367)

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031