» » Аралдың оқушылары аяқдоп әдісі арқылы математиканы меңгеруде

Аралдың оқушылары аяқдоп әдісі арқылы математиканы меңгеруде


Қызылорда облысының Арал ауданында оқушылар математиканы аяқдоп әдісі арқылы меңгеруде. Ерекше сабақты ойлап тапқан жас ұстаз - Мұқан Төлебаев.

Білім берудің бұл тың тәсілінде оқушылар доп қуаламайды, есеп шығару арқылы ақылмен шабуылдап, біліммен қорғанады. Шағын футбол ережесіне сай өтетін сабақта 6 оқушыдан екі топқа бөлініп, бақ сынайды. Ең қызығы оқушылар бұл пәнге футбол жейдесін киіп қатысады. Тіпті, командалар алдын ала жоспар жасап, оны ойын кезінде өзгерте де алады.

Математиканы футбол ойынымен байланыстырған жас мұғалім Мұқан Арал қаласындағы 262 мектеп-гимназиясында математика пәнінен сабақ береді. Оның айтуынша бүгінде балалар білім толықтыратын алтын уақыттарын виртуалды әлемге сарп еткізіп жүргендер аз емес. Ал бір сарынды сабақтар оқушыларды тіпті жалықтырып жібереді. Осы әдісті қолданудағы басты мақсатым - оқушылардың қызығушылығын ояту дейді.

Бұл ойын әдісі ҰБТ-ге оқушыларды дайындау үшін өте тиімді жұмыс болды. Себебі, балалар сайыса отырып, өздерінің білім деңгейінің қаншалықты екендігін байқайтын болса, сонымен қатар сайыс-сабақ арқасында оқушылар математикалық атмосфера мен бәсекелестікті сезінеді. Жалпы, сабақтағы бәсекелестік оқушылардың алға жылжуына, дайындығын күшейтуіне оң ықпал жасайды. Демек, қарсылас командалар мәреге жету үшін "білектің күшін емес, білімінің күшін" пайдалану қажеттігін ұғынады. Оқытудағы әдіс-тәсілдердің түрлілігі және оны балалардың қызығушылығына қарай бағыттап таңдап алу, мұғалім үшін үлкен жетістік, - дейді Мұқан Төлебаев.

Ұстаздың ете бастағанына үш жыл болған 25 жастағы жас мұғалім соңғы 2 жылда ҰБТ-ге осылайша ерекше әдіспен даярлай бастаған. Содан бері оқушылардың тест нәтижелері де жақсара түскен. Алдағы уақытта сабақ өту әдістеріне жастар арасында танымал өзге де ойын ережелерін енгізуді жоспарлауда.

©️Қызылорда облысының білім басқармасының баспасөз қызметі
03 мамыр 2023 ж. 215 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

№29 (10294)

13 сәуір 2024 ж.

№28 (10293)

09 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930