» » "Жаңартылған біліммен болашаққа"

"Жаңартылған біліммен болашаққа"

qarmaqshy-tany.kz №121 орта мектебінің жылдық жоспар аясында 6-10 ақпан аралығында "Жаңартылған біліммен болашаққа" тақырыбындағы химия, биология, география пәндер бірлестігінің апталығы аясында 10 ақпан күні 10 "Б" сыныбында биология пәнінің мұғалімі Сыздыкова Эльвира Курмантаевнаның "Хромосомалар санының ауытқуымен байланысты аурулар" тақырыбындағы ашық сабағы өткізілді. Сабақ сайыс сабақ түрінде өткізілді. Мұғалім "Тәтті тілек" әдісі арқылы оқушыларға таңғы тілек тілеп, жақсы көңіл-күй сыйлап,жағымды атмосфера қалыптастырды.Тәттілер түсі бойынша оқушылар төрт топқа бөлінді,топ басшысы сайланды."Қолшатыр" әдісі бойынша терминологиялық сайыс ұйымдастырылды."Артқа қарай бір қадам" әдісі бойынша оқушылар өткен тақырып бойынша сұрақтарға жауап берді.Оқушыларды сергіту мақсатында "Хромосомалар биі" биіне билеп, бейнематериал бойынша жаңа тақырып анықталды.Мұғалім жаңа тақырып бойынша тақырып мақсатымен,жетістіктер критерийлерімен таныстырып презентация бойынша қысқаша сипаттама берді. Оқушылар сабақ барысында өз белсенділіктерін таңыта отырып, "Ізденеміз. Зерттейміз. Оқимыз. Үйретеміз" әдісімен оқушылар хромосомалық аурулар бойынша презентация дайындап қорғады.Әр топ бір хромосомалық ауру түріне байланысты жоба қорғады. Даун синдромы, Эдвардс синдромы, Шерешевский-Тернер синдромы, Мысық айқайы синдромы. Презентация кезінде оқушылар дәптерге кесте толтырып,білімдерін сынады."Жасырын кариограмма" әдісі бойынша әр топ кариограмма бойынша ауру түрлерін анықтап сипаттама берді. "Суреттер сөйлейді" әдісі бойынша оқушылар берілген хромосомалық аурулардың сыртқы белгілері бойынша анықтап суреттерді сөйлетті. Сабақ барысында ата-аналарда арнайы келіп қатысып, пән мұғалімі Эльвира Құрматайқызына аналық алғысын білдірді. Сабақ соңында оқушылар "Бағалау критерийлері"бойынша бағаланды.
11 ақпан 2023 ж. 659 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 072
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 732

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031