» » Чернобыль қасіреті ұмытылмайды

Чернобыль қасіреті ұмытылмайды

qarmaqshy-tany.kz Биыл Чернобыль апатына 37 жыл. 1986 жылы қасіретті қауіпті жоюға 600 мыңға жуық адам қатысса, оның ішінде химиялық қорғау полкі құрамында 32 мың қазақстандық болған. Олар Украин халқының басына түскен ауыр күнде қасынан табылып, өз денсаулығы мен өмірін құрбан етіп көмек көрсетті. Осылайша Чернобыль апаты адамзат үшін қасіретке айналды.
Атаулы күнді еске алу бүгінде дәстүрге айналған. Ауданымызда да іс-шара өз деңгейінде атап өтілді. Кент орталығындағы Жастар саябағында орналасқан ескерткішке аудан әкімі Жандос Еркінбек, аудандық мәслихат төрағасы Әділ Қошалақов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Мереков, Ауғанстан және аймақтық соғыс, Тәжік-Ауған қақтығысы, Чернобыль, Невада-Семей апатына қатысушы ардагерлер гүл шоқтарын қойды. Мұнан соң ел үшін жанын қиған жерлестерімізге арнап Құран бағышталды.

Бұл күн әлем үшін тойлайтын мереке емес. Десе де, елді дүр сілкіндірген оқиғаны естен шығару тағы болмас. Осы орайда, аудан әкімі Жандос Еркінбекұлы ірі техногендік радиацияның зиянды әсерін тоқтатуға жұмыс жасаған азаматтардың ерлігін тілге тиек етті.

– Чернобыльдағы АЭС апатының ахуалы әлі күнге дейін әлем халқын алаңдатып отырғаны белгілі. Оны қалпына келтіруге жалпы елімізден 32 мыңнан астам азамат жұмылдырылды. Соның ішінде өз денсаулығын тәуекелге тігіп әскери және азаматтық парызын орындауға ауданымыздан сарбаздар аттанып, өзіне жүктелген міндеттерін орындап қайтты. Алдағы уақытта сіздердің ерліктеріңіз келешек ұрпаққа үлгі болып, ешқашан ұмытылмайды деп ойлаймын. Бүгінгі даталы күнде сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық тілейміз. Жасаған ерліктеріңізге қарай әрқашан құрмет төрінен көрініп жүре беріңіздер, – деді аудан әкімі.

Жиында жауынгер ардагерлерге аудан әкімінің алғыс хаты, сонымен қатар «Батыр шапағаты Бауыржан Момышұлы» және «Мужество, Отвагу, Стойкость ЧАЭС» медалі табысталды. Ал, радиация әсерінен қаза болған азаматтардың отбасыларына сыйсияпат жасалып, құрмет көрсетілді. Аудандық мәслихат төрағасы Әділ Үсенұлы мен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Мереков өздерінің жылы лебіздерін білдірсе, аудандық Чернобыль ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Асылхан Бисембаев іс-шараны ұйымдастырған аудан әкімдігіне алғысын айтты.
Ерсін ӘБЛӘКИЕВ
30 сәуір 2023 ж. 282 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№14 (10382)

22 ақпан 2025 ж.

№13 (10381)

18 ақпан 2025 ж.

№12 (10380)

15 ақпан 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 411
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728