» » Отбасы - өмір аясы

Отбасы - өмір аясы

qarmaqshy-tany.kz Қармақшы ауданы Төребай би ауылындағы N199 орта мектебінбе бүгін "Ашық есік күні" өткізілді. Шараға арнайы Қармақшы Аудандық Орталық Аурухана мен Қармақшы Жастар Денсаулығы Орталығының психологі және аудандық әйел-аналар кеңесінің мүшесі, облыстық отбасы істері жөніндегі комиссияның мүшесі - Әмина Кетебаева, ардагер-ұстаз Рыскүл апай, ата-аналар, мұғалімдер және мектеп оқушылары қатысты.

Қазір қоғамда жастар мен жасөспірімдер арасындағы келеңсіз тәрбие, тұрмыстық зорлық-зомбылық, қыздар арасындағы төбелес, ерте жүктілік, сондай-ақ,зиянды әдеттердің етек алып бара жатқандығы жайында әлеуметтік желілерден көп байқалып жатқандығы жасырын емес. Осыған байланысты отбасы мәртебесін, ата-ана жауапкершілігін арттыру, әкелер, әжелер мектебінің жетістіктерін насихаттау, АТА-АНА_МҰҒАЛІМ_ОҚУШЫ арасындағы үштік одақ барысында түрлі маңызды шараларды іске асыру күшейтілуде.

Балаға білім бере отырып,тәрбие іргетасын қалау, нығайту ,бос уақытын пайдалы істерге жұмсау, қоғамдық шараларға белсенді араластыру, бала бойындағы шығармашылық қасиеттерін дамытып, түрлі олимпиадаларға,сайыстарға дайындау, баланы жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал жасау - ұстаздарға жүктелген іс екені рас. Бірақ үйдегі тәрбие, ата-ана жауапкершілігі басты орында!
"Ұяда не көрсе,ұшқанда соны ілетінін" естен шығармаған жөн.

Шығыс даналығы: Бір жылдығыңды ойласаң бидай ек,он жылдығыңды ойласаң ағаш отырғыз, жүз жылдығыңды ойласаң ұрпақ тәрбиеле деген. Бүгінгі мектеп ұжымының жоғары деңгейде жан-жақты дайындықпен өткізген іс-шарасында оқушылар өз өнерлерін әр қырынан көрсетті. Ән де, би де, театр жобасымен мазмұнды көрініс те, оқуға құштар мектеп аясындағы редикс-жобасы, ата-аналармен жасалған тренингтер де көңілден шығып, бәрі де ойқозғарлық деңгейде сәтімен өтті.

27 сәуір 2023 ж. 401 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 414
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 216

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930