» » Қазақстанда проблемалық кредиттер мәселесі қалай шешіледі?

Қазақстанда проблемалық кредиттер мәселесі қалай шешіледі?

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова тұтынушылық кредиттердің өсуін шектеу үшін қандай шаралар қабылданатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұған дейін Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов тұтынушылық кредитті алатындар қатары көбейіп бара жатқанын айтып, мәселені агенттік қалай шешетінін сұраған болатын.

Әбілқасымованың сөзінше, тұтынушылық кредиттердің тым өсуін шектеу үшін қазір бірқатар шара қабылданып жатыр.

Біріншіден, банктер мен микроқаржылық ұйымдарға қойылатын талаптарды күшейту. Екіншіден, былтыр біз банктер мен микроқаржылық ұйымдардың капиталына талапты күшейттік. Банктер бойынша тәуекел саралау коэффиценттері 150%-дан 300%-ға дейін өсті, ал микроқаржылық ұйымдар бойынша капиталға қойылатын талаптар 5 есе ұлғайды, - деді агенттік төрағасы.

Одан басқа, проблемалық кредиттердің өсуіне жол бермес үшін микроқаржы ұйымдарында проблемалық кредиттің үлесі 20%-дан аспауы керек. Одан асса, олардың лицензиясы қайтарып алынады.

Халықтың берешегін азайту үшін былтыр банктер мен микроқаржылық ұйымдар арнайы жоспар әзірледі. Осы жоспарда борыш жүктемесін азайту үшін әртүрлі шара көзделген. Мысалы, кредит проблемалы болса, сыйақы мөлшерлемесін азайту, кредиттің мерзімін ұзарту немесе толық кредитті есептен шығару, - деп түсіндірді ол Мәжілісте.

Сонымен қатар банктер жеке жоспарында 633 мың қарыз алушыға қайта құрылымдау жүргізуді жоспарлап отыр. Бүгінде 267 мың адамның кредиті жеңілдетілді.

Микроқаржы ұйымдары бойынша 568 мың адамды қамту жоспарланып отыр. Бүгінде 388 мың адам микрокредиті реттелді.

Сондай-ақ өте маңызды шара – борыш жүктемесі бойынша продумциялық норматив енгізілді. Енді қарыз алушының кредитінің борыш жүктемесі табысының 50%-дан аспауы керек. Мемлекет басшысының жарлығы шеңберінде қосымша шаралар қабылданады. Біріншіден, бұл коллекторлық агенттіктерге қатысты. Енді олар қарызды банктер мен микроқаржылық ұйымдардан сатып алғанда олар реттеу, жеңілдету шараларын қабылдамайды. Олардың ондай міндеті жоқ. Сондықтан біз заңды түрде коллекторлардың халықтың проблемалық кредиттерді реттеу шараларын қабылдау міндетін заңнамалық деңгейде енгіземіз, - деп айтты Әбілқасымова.

Сондай-ақ коллекторларға проблемалық берешегі реттелмеген кредитті сатуға толық тыйым салынады. Ол үшін заңға өзгеріс енгізіледі.

Бүгін Мәжілісте Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы «Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде кредиттік тарихтың құрамына кіретін мәліметтер алмасу тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын таныстырған болатын.
26 сәуір 2023 ж. 369 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№96 (10361)

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (10360)

30 қараша 2024 ж.

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 548

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 617

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031