» » Банкке қарызын 3 айдан аса төлемегендерге несие берілмейді – агенттік ұсынысы

Банкке қарызын 3 айдан аса төлемегендерге несие берілмейді – агенттік ұсынысы

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі банк алдындағы қарызын 90 күннен аса төлемеген азаматтарға несие беруге тыйым салуды ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
– Банктік қарыз немесе микрокредит бойынша мерзімі өткен берешегі күнтізбелік 90 күннен асатын жеке тұлғаға кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты емес банктік қарыз беруге тыйым салынады, – деп жазылған «Ашық» НҚА порталында жарияланған жобада.
Агенттік түсіндірмесіне сәйкес, мұндай бастама қазақстандықтардың көп қарыздануының алдын алуға бағытталған.
– Азаматтардың борыштық жүктемесінің одан әрі өсу тәуекелдерін болдырмау үшін екінші деңгейдегі банктердің, сондай-ақ микроқаржы қызметін жүзеге асыратын ұйымдардың қарыздары бойынша мерзімі өткен берешегі 90 күннен асатын тұлғаларға тұтыну қарыздарын беруді шектеу ұсынылады. Бұл ретте проблемалық берешектің өсуін шектеу және қолданыстағы қарыздар бойынша қарыз алушылардың борыштық жүктемесін төмендету мақсатында қарыз алушылардың берешекті қайта қаржыландыруға, оның ішінде неғұрлым тиімді шарттарда құқығын сақтау қажет, – деп түсіндірме берілген.
Айта кетсек, қолданыстағы заңнамада мұндай шектеу жоқ. Құжат 6 сәуірге дейін көпшілік талқылауда болады.
24 наурыз 2023 ж. 568 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 771
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 131

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 489

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930