Өнер өрге жетелер
qarmaqshy-tany.kz Иә, адам өміріндегі ең үлкен бақыт – ұрпақ өсіру мен білімді ұрпақ тәрбиелеу. Ал бүгінгі шат күлкілі сәбилер ертеңгі күннің бірден-бір тірегі. Сол себептен де болар баланың бетінен қақпай, оған қолдау көрсету – мемлекет пен ата-ананың басты міндеті саналады.
Өнерімен де, өзінің инабатты мінезімен де көзге түсіп жүрген Назым Бешмағанбетова Т.Көмекбаев ауы¬лындағы №185 орта мектептің 4-сынып оқушысы. Ол ес білген жасынан өнерге әуес болды. Бұл қасиетін әуез пәнінің мұғалімі Жанна Әбдіраманова, клуб жанынан құрылған үйірме жетекшілері Нұржамал Байжанова, Ляйла Хайролла байқаған. Болар баланың «Бетін қақпа, белін бу» дегендей, ата-анасы Назымға үнемі қолдау көрсетуде. Ән айтуды 7 жасынан бастаған бүлдіршініміз алғаш рет сахнаға аудандық «Бозторғай» балалар мен жасөспірімдер өнер байқауында шыққан-ды. Осы сәттен бастап кішкентай өнерпаздың өнер баспалдағына ал¬ғашқы қадамы басталады. «Рәміздер – елдігімнің белгісі» атты ән байқауының аудандық кезеңінен жүлделі орын алып, облыстық кезеңнен де жүлделі орыннан көрінеді. «Ұлы дала ұрпағы» атты облыстық байқауында да дипломант атанып, бәрімізді бір қауантып тастаған еді. Аудандық «Өнер шамшырағы», облыстық «Ақкөгершін» байқау-фестивальдерінде де дипломант, жүлдегер атанды.
Әншіміз әнмен қатар, спортқа қызығады. Ол мектеп жанындағы дзюдо үйірмесіне үзбей қатысып жүрген озат оқушы. Болашағынан үміт күттіретін оқушымыз Дәулет Киікбаев ағайында жаттығады.
Жақында «Қазақстан» ұлттық телеарнасынан «Қазақстан дауысы» балалар жобасына өтінім қабылданып жатқанынан хабардар болған Назымның ата - анасы осы байқауға қыздарының қатысып, бағын сынап көруін қоштай кетеді. Содан ауылдық клуб үйінің музыка мамандарымен қызу дайындыққа кірі¬¬сіп, байқаудың талабына сай таза дауыста бейнеролик түсіріп жі¬¬береді. Нәтижесінде еліміз бойынша тілек білдірген 6 мың баладан 140 бала іріктеуден өтіп, оның арасында жас талант Назым бүлдіршінімізде бар бо¬латын. Астанадағы «Қаз¬медиа» орталығына шақырту алған ол 20 күн бойы кәсіби музыканттардан сабақ алып, ең алғашқы «Қазақстан дауысы» балалар жобасының «Көрмей таңдау» бірінші турында өз бағын сынады. Алайда, бұл кезеңнен сүрінгенімен, өнерлі аруымыздың сондай белгілі жобаға қатысқанының өзі жеңіс деп білеміз. Жас өркен келер жылы тағы бағын сынап көруге бел буып отыр. Біз Назымға тек қана сәттілік дей отырып, биік белестерден өтуіне тілектеспіз.
Гүлнар ҚЫПШАҚБАЕВА,
кітапханашы