» » Нық тапсырма, мығым жоспар

Нық тапсырма, мығым жоспар

qarmaqshy-tany.kz Жақында облыс әкімінің орынбасары Балмейір Сансызбайұлы өзінің іс-қимыл бағдарламасы аясында ауданға арнайы жұмыс сапарымен келіп, тыныстіршілігіне қанықты.

Б.Сансызбайұлының ауданымызға жасаған жұмыс сапарында аудан әкімі Жандос Еркінбек бастап жүріп, аудандағы бірқатар әлеуметтік нысандардың жұмыс барысы, бүгінгі жай-күйімен таныстырды.

Алдымен сапарын Қызылтам стансасында бастаған облыс әкімінің орынбасары елді мекеннің кіреберісіндегі аудандық маңызы бар автомобиль жолының жай-күйін көрді. Аудан басшысының осы елді мекен бойынша атқарып жатқан жұмыстарын саралап, мамандардың ой-пікірін зерделеді.

Сондай-ақ, ол «Жосалы-Жалағаш» автомобиль жолы бойындағы су деңгейінің күрт көтерілу әсерінен су шайып кеткен учаскелерінің жай-күйіне көңіл бөлді.

Одан әрі Балмейір Сансызбайұлы Жосалы кенті тұрғындарының көптен көкейін толғандырған теміржол көпірін салу мәселесін талқыласа, содан кейін ел игілігіне пайдалануға берілгелі тұрған денешынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылыс жұмысын, №284 мамандандырылған мектеп-лицей интернатына кіреберіс автомобиль жолын салу мәселесін пысықтады.

Облыс әкімінің орынбасары ауданда болған жұмыс сапарында өзі көріп, байқаған құрылыс жұмыстары мен өңір экономикасын нығайту, тұрғындар әлеуетін арттыру мақсатына арналған түрлі мемлекеттік бағдарламаларды орындау бойынша тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар берді.
Нұрбай ЖАНӘДІЛОВ
18 сәуір 2023 ж. 690 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 368
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.
Көңілді кеш

Көңілді кеш

25 тамыз 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 142

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930