» » Қармақшыда түнгі рейд жүргізілуде

Қармақшыда түнгі рейд жүргізілуде

qarmaqshy-tany.kz Қармақшы ауданы №121 орта мектебі, жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатында ағымдағы жылдың 12 сәуір күні мектеп ұстаздары мен, аудан әкімінің орынбасары Б.Далабаев, аудандық білім бөлімі қызметкерлері С.Мұратов пен А.Кенжебаева, аудандық ардагерлер ұйымы ақсақалдары Е.Назарқұлов, аудан орталығындағы мектеп ұстаздары, ата-аналар және де АІІБ қызметкерлерімен бірлесе кешкі және түнгі уақытта «Түнгі қаладағы балалар» атты рейдтік шаралар ұйымдастырылды. Шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу және жолын кесу, балалар және жасөспірімдердің заңды өкілдерінсіз түнгі уақытта тұрғын үйден тыс орындарда болу фактілерін анықтау, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру.

Өзімізге бөлінген аймақта рейдтік шараны ерікті түрде мектеп әкімшілігінен Т.Бұқпанов, мектеп ұстаздары Ғ.Есмаханов, Е.Нұрғалиев, 11 сынып жетекшісі М.Жұмағалиева және 8 сынып ата-аналары, мектебіміздің полиция инспекторы Ғ.Мұхамедияровпен рейдтік шаралар жүргізді. Рейдтер мектебіміздің маңындағы компьютерлік клубтарға, кафелерге, «Ардагерлер алеясы», Құлмұратов көшесі бойында орналасқан ойын алаңдарында, «Дүр Оңғар», К.Рүстембеков атындағы жыраулар үйі алаңқайларына, Қорқыт-ата, Е.Көшербаев, Амангелді, Б.Момышұлы, Т.Рұсқұлов, Ә.Егізбаев тағы басқа мектеп микроауданы бойында орналасқан көшелерді жан-жақты аралау шаралары ұйымдастырылды. Рейд жүргізу барысында ешқандай кәмелетке толмаған мектеп оқушылары анықталаған жоқ және тәртіп бұзушылық болған жоқ. Тек кәмелетке толған үлкен жастағы бір-топ ер жігіттерді байқап, қасына жақындап мектеп оқушылары жоқ екендігін анықтадық.
13 сәуір 2023 ж. 440 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 425
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

17 қыркүйек 2025 ж.
Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 232

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930