» » Қармақшы ауданында түнгі рейд жұмыстары жалғасуда

Қармақшы ауданында түнгі рейд жұмыстары жалғасуда



qarmaqshy-tany.kz Қармақшы ауданы көлемінде кәмелетке толмағандармен, оларға қарсы жасалатын қылмыс пен құқық бұзушылықты анықтау, алдын-алу, сондай-ақ, балалар еңбегін пайдалану, балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын-алу, құқықтық сауаттылықты арттыру бойынша рейдтік профилактикалық жұмыстары жүргізілуде.

Рейдтік іс-шараларға аудандық прокуратура, полиция және қоғамдық даму бөлімі, жастар ресурстық орталығы, сондай- ақ кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссия мүшелері, білім бөлімінің қызметкерлері мен білім беру ұйымдары бойынша ерікті қызметкерлер тартылуда.
Профилактикалық жұмыстар жастар көп шоғырланатын орындарда және кафе-бар, спорттық ойын алаңдарында жүргізіліп, кәмелетке толмаған жасөспірімдердің түнгі 22:00-ден кейін заңды өкілдерінсіз көшеде жүрмеуі қадағаланды. Бірлескен бұл жұмыстар алдағы уақытта тұрақты түрде жүргізілетін болады.

Құрметті ата-аналар!

Қазіргі таңда жасөспірімдер мен кәмелетке толмағандар арасында мектептен тыс уақыттарда құқық бұзушылықтар мен қылмыстар орын алуда. Осы орайда балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде түнгі беймезгіл уақыттары көшеде жүрмеуін қатаң қадағалауды сұраймыз!

#Қармақшы ауданы бойынша білім бөлімі

10 сәуір 2023 ж. 986 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№42 (10510)

06 маусым 2026 ж.

№41 (10509)

02 маусым 2026 ж.

№40 (10508)

30 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 249
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 794

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930