» » Байқоңыр қаласының дамуы тұрақты бақылауда

Байқоңыр қаласының дамуы тұрақты бақылауда

qarmaqshy-tany.kz ЖАҚЫНДА ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ «БАЙҚОҢЫР» КЕШЕНІНДЕГІ АРНАУЛЫ ӨКІЛІ ҚАЙРАТ НҰРТАЙДЫҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН БЕЙІНДІ БАСҚАРМА БАСШЫЛАРЫНЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН БАЙҚОҢЫР ҚАЛАСЫН ДАМЫТУДЫҢ ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ МЕН ІСКЕ АСЫРЫЛҒАН ЖОБАЛАР ЖӘНЕ БАСҚА ДА ЖОСПАРЛАРДЫ НАҚТЫЛАУ МАҚСАТЫНДА ЖИНАЛЫС ӨТТІ.
Жиында аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың тапсырмасына сәйкес, Байқоңыр қаласы мен кешеннің дамуын қамтамасыз етуде бүгінгі күні іргелі істермен айшықталуда. Атап айтар болсақ, қаланы газбен қамтамасыз ету бойынша қаладағы бірнеше көпқабатты тұрғын үй, шағын және орта бизнес нысандары көгілдір отынға қосылды. Бұрын қала тұрғындары газдың 1 текше метріне 800-900 теңгенің шамасында, яғни валюта бағамына байланысты төлеп келген болса, қазіргі таңда төлем облыстың орташа тарифімен теңестіріліп отыр.
Осы кезге дейін Байқоңыр қаласының жылу электр стансасы қымбат мазутпен жұмыс істеп келді. Әрине, бұл қала тұрғындарының қалтасына, әсіресе қалада тұратын ресейлік және қазақстандық мекемелерде жұмыс істейтін азаматтарға қаржылық шығын келтіретін. Ал, бүгінде Байқоңыр қаласы әкімшілігінің қолдауымен «Байқоңырэнерго» ӨЭБ ЖБТ жылу электр стансасын мазуттан табиғи газға ауыстыруға ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Бұл қаладағы коммуналдық қызмет тарифінің төмендеуіне оң әсерін тигізеді.
Сонымен қатар, тұрғын үй мәселелерін шешу мақсатында да мемлекет қаражаты есебінен өткен жылдары «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасымен 50 пәтерлік 5 тұрғын үй ел игілігіне пайдалануға беріліп, қалада тағы бір шағын аудан пайда болса, өткен жылдан бері осы шағын ауданнан осы бағдарлама аясында тағы да 50 пәтерлік 5 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Ал, қаладағы инженерлік инфрақұрылымды да сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін жаңғырту жұмыстары басталды. Бұл құрылыс жұмыстарын 2025 жылға дейін аяқтау жоспарлануда.
Жиында Қайрат Ырзақұлұлы Төретам кенті және Ақай елді мекендерінде, атап айтқанда газдандыру, басқа да құрылыс жұмыстарын сапалы әрі уақытылы аяқтауды мердігер мекемелер басшылары мен оларға жауапты мамандарға қатаң бақылауға алуды тапсырды.
Жиын соңында Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі, облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұртай жұлдызды қалашықтың даму мәселелері Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың басты назарында екенін, осындай кең көлемдегі жұмыстар одан әрі жалғасын таба беретінін айрықша атап өтті.


ҚАЛАЛЫҚ АҚСАҚАЛДАР АЛҚАСЫ ҚҰРЫЛДЫ

Қазақстан Республикасы «Байқоңыр» кешені өкілдігінде Байқоңыр қаласы, Төретам кенті мен Ақай ауылдық округінің ардагерлер кеңесі мүшелерінің қатысуымен Қазақстан Халқы Ассамблеясы жанынан құрылған қалалық ақсақалдар кеңесі құрылып, оның алғашқы отырысы өтті.
Оған Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі, облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұртай арнайы қатысып, қала маңында орналасқан елді мекендердің дамуына орасан үлесі бар екеніне, маңыздылығына тоқталып, кеңес мүшелеріне сәттілік тіледі.
Отырыста ақсақалдар алқасы төрағалығына Қармақшы ауданының құрметті азаматы, академик С.Жиенқұлов атындағы Байқоңыр жоғары колледжінің директоры Әнуар Дәуленбаев, оның хатшысы болып білім саласының ардагері Жайық Кұпияев сайланды.
Сондай-ақ, кеңестің мүшелігіне де өңірдің дамуына өзіндік үлесін қосып жүрген бір топ еңбек ардагерлері сайланды. Атап айтқанда, олардың қатарында құрылыс, білім, медицина, мәдениет, әлеуметтік, экология, кәсіпкерлік, құқық қорғау салаларында еселі еңбек еткен азаматтар бар.
Жиында Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі, облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұртай қалалық ақсақалдар кеңесінің құрамын құттықтап, жүрекжарды жылы лебізін білдірді.
– Ақсақалдар алқасы қала бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға көмек көрсетіп қана қоймайды, ол дербес құрылым ретінде ел ішіндегі әлеуметтік мәселелердің дер кезінде шешімін табуына үлес қосады. Кеңес мүшелері елге сыйлы, түрлі салада еңбек еткен алдыңғы буын ағаларымыздан құралған. Осындай жоғары деңгейде жасақталған кеңес мүшелері өскелең ұрпақты тәрбиелеуде, ел бірлігін сақтауда өз үлесін қосады деп сенемін, – деді ол.

ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Жақында Байқоңыр қаласында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Б.Исмаханбетов пен облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Ж.Шаймбетовтың қатысуымен қала тұрғындарына медициналық сақтандыру мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Жиын барысында қалада орналасқан медициналық сақтандыру бойынша білім саласы қызметкерлері, кәсіпкерлер көптен көкейлерінде жүрген түйткілді мәселелер бойынша сұрақтарын қойып, оның кейбірі оң шешімін тапты.
Сонымен қатар, жиынға қатысушылар жауапты сала мамандарына сұрақтарын қойып, оған заң аясында тұщымды жауаптар алды.
Осы ретте айта кететін жайт, Байқоңыр қаласы бойынша 4000-ға жуық Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес, ресейлік мекеме, кәсіпорындарда қызмет ететін қала тұрғындары, яғни зейнетақы алатын Қазақстан Республикасы азаматтарының сақтандырылмауы орын алып отыр. Қазіргі таңда, осындай түйіні шешілмеген мәселені Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігімен шешу жолдары қарастырылып, тиісті жұмыстар атқарылуда.
Аталған мәселе Мемлекет басшысының «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі Қайрат Нұртайдың бақылауында.

ҮЗДІК ОҚУШЫЛАР МАРАПАТТАЛДЫ

№277 мектеп-лицейінде түрлі деңгейдегі спорттық жарыстар мен шығармашылық байқауларда жетістікке жеткен дарынды шәкірттерді марапаттау рәсімі өтті.
Марапатталушылар қатарында, атап айтқанда Байқоңыр қаласы, Төретам кенті, Ақай ауылдық округінің мектеп, арнаулы оқу орындарының қатысуымен өткен қалалық спорттық жарыстарда, оның ішінде волейболдан 14 команда арасында II орынды иеленген мектептің қыздар командасы (жетекшісі Балқожа Қалниязов), сонымен қатар 15 команда арасынан жүлделі III орынға көтерілген ұлдар командасы (жетекшісі Бақытбек Жанқуат) бар. Сонымен қатар, жуырда ғана Қызылорда қаласында өткен «Ұлттық ойындар – рухани байлығымыз» атты облыстық спартакиадасында «Бұқа тартыс» сайысында ІІ орын иемденген Қармақшы ауданы құрамасы сапында өнер көрсеткен мектеплицейінің құрамасы (жетекшісі Медет Байденов) мен І орынды жеңіп алған осы спартакиадада «Арқан тартыс» сайысында Ардақ Ерсұлтанұлының жетекшілігімен ауданның сапында өнер көрсеткен спортшыларымыз өзара дайындықпен келген.
Марапаттау рәсімінде республикалық «Жарқын Болашақ» өнер орталығының ұйымдастырумен өткен VII республикалық «Жарқын жұлдыз» атты балалар өнер байқауында көркемсурет жанры бойынша I орынды жеңіп алған Диана Бақытбаева, қолөнер жанры бойынша II орынды иемденген Мерейлім Серікбаева мен I орын иегері Ақбота Абатбековалар да (жетекшісі Жанар Әбдіразақова) құрметке бөленді.
Нұрбай ЖАНӘДІЛОВ
10 сәуір 2023 ж. 228 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 020

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031