» » Байқоңыр қаласын дамыту мәселелері талқыланды

Байқоңыр қаласын дамыту мәселелері талқыланды



Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Байқоңыр қаласы әкімшілігінің басшысы Константин Бусыгинмен кездесті.
Отырысқа облыс әкімінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі Серік Сүлейменов, ҚР Президентінің Байқоңыр кешеніндегі арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету басқармасының басшысы Жасұлан Абатов қатысты.
Жиын барысында тараптар арасындағы ортақ жоспарлар сөз болып, оның ішінде Байқоңырдағы жылу электр станциясын газға қосу арқылы тұрғындарға төлем құнын төмендету мәселесі талқыланды.
«Қазақстан мен Ресей Федерациясының мемлекеттік органдарының бірлескен нәтижелі жұмыстарының арқасында Байқоңыр қаласының және тұтастай кешеннің ұзақ мерзімде дамуын қамтамасыз ету мәселелері шешілуде. Қазіргі таңда Байқоңырда 5 тұрғын үйдің құрылысы мен инженерлік инфрақұрылымды жаңарту бойынша жұмыстар жүргізілуде. «Байқоңыр» кешенін газбен қамтамасыз ету бойынша келісім негізінде жұлдызды қаладағы көп қабатты тұрғын үйлер, шағын және орта бизнес нысандар көгілдір отынға қосылды», – деді облыс әкімі.
Кездесу барысында Байқоңыр қаласы әкімшілігінің басшысы Константин Бусыгин жылу электр станциясын газға қосу мәселесіне қатысты бірлескен жұмыстардың маңыздылығын атап өтті. Бұл ретте «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Қызылорда өндірістік филиалы директорының міндетін атқарушы Ермек Қалдығұлов, облыстық экология департаментінің басшысы Нұржан Өмірсерікұлы негізгі мәселелер бойынша жасалған жұмыстарды тізбелеп берді. Сондай-ақ, Байқоңыр қаласы аумағын қоқыстан тазартудың 2021-2023 жылдарға арналған Жол картасын жүзеге асыру, қоқысты сұрыптау кешенін іске қосу бағытында алдағы атқарылатын жұмыстарға тоқталды.
Кездесуді қорытындылаған облыс әкімі алдағы уақытта бірлескен жобалардың нәтижелі орындалатынына сенім білдірді.


04 қыркүйек 2021 ж. 770 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 433
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

17 қыркүйек 2025 ж.
Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 235

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930