» » Зорлық-зомбылық пен ерте жүктіліктің алдын алу

Зорлық-зомбылық пен ерте жүктіліктің алдын алу

qarmaqshy-tany.kz Ү.К.Томанов атындағы №183 орта мектебінде кәмелетке толмағандар арасында суицид, құқық бұзушылық, зорлық-зомбылық пен ерте жүктіліктің алдын алу және ұлттық тәрбие бағыттары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында аудандық пул құрамына енген ардагерлерімен кездесу өткізілді. Кездесуге Ұлт бірлігі Қармақшы қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ш.Құндақбаев, аудандық «Қазақ тілі» қоғамының, аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Г.Раева, мектептің ардагер ұстазы П.Сайдалиева, ата-аналар комитетінің төрағасы Ғ.Ержанов, аудандық білім бөлімінің әдіскері А.Тоқшылықова, қамқоршылық кеңестің мүшесі Ж. Тұрымбетов, мектеп директоры Г.Әшірова, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Жақпанова, 8-11 сынып оқушылары және сынып жетекшілері қатысты. Кездесу барысында жас ұрпақты ойлы да іскер, жігерлі де батыл, өзіне-өзі сенімді, интеллектуалды деңгейі биік, жан-жақты азамат ретінде қалыптастыруда ойлар айтылып, пікір алмасты. Ардагер ұстаз П.Сайдалиевадан телефонсыз бір күнді қалай өткізссе болады деген ұсыныс түсті. Кездесу соңында 10 сынып оқушысы Әбдіқадыров Данил өз ойын айтып, ұйымдастырылған кездесудің құнды, тәрбиелік мәні зор болғанын, қазіргі таңда оқушыларға қажет екенін айтты.
07 сәуір 2023 ж. 529 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 326

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 418

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930