» » Қазақстанда енді жалақының 15 пайызы зейнетақы қорына аударылады – Еңбек министрлігі

Қазақстанда енді жалақының 15 пайызы зейнетақы қорына аударылады – Еңбек министрлігі

Жұмыс беруші қосымша 5% аударады

2024 жылдан бастап қазақстандықтардың жалақысының 15%-ы зейнетақы қорына аударыла бастайды. Бұл туралы Halyq Uni YouTube арнасына берген сұқбатында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет айтты.
Жаңа Әлеуметтік кодекс Сенатта қабылданып, Президентке жолданды. Бұл құжат бойынша 2024 жылдан бастап жұмыскердің ай сайын зейнетақы қорына аударылатын 10 пайыздық төлемінен бөлек, жұмыс беруші жалақының 5 пайызына тең соманы жұмыскердің зейнетақы қорына аудара бастайды. Бұл жұмыскерлердің зейнетке шыққан кездегі зейнетақысын көбейту мақсатында жасалып отыр, – дейді Сәкен Ділдахмет.
Министрлік өкілінің мәліметінше, жұмыс берушінің 5 пайыздық қосымша аударымы жұмыскерлердің жалақысына әсер етпейді.
03 сәуір 2023 ж. 678 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№43 (10511)

09 маусым 2026 ж.

№42 (10510)

06 маусым 2026 ж.

№41 (10509)

02 маусым 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 269
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 803

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930