» » Атаулы әлеуметтік көмекті кімдер алады?

Атаулы әлеуметтік көмекті кімдер алады?

Биыл наурызда 84,7 мың отбасы атаулы әлеуметтік көмек (444,9 мың адам) алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап. 

АӘК табысы өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызынан төмен азаматтарға беріледі (отбасының әрбір мүшесіне айына орта есеппен 12 160 теңге).
Сондай-ақ, табысы аз отбасылардағы 1 жастан 6 жасты қоса алғандағы әр балаға 1,5 АЕК (5175 теңге) мөлшерінде ай сайынғы қосымша төлем төленеді.
Жұмысқа орналастыру, өз ісін ашуға ниетті отбасыларға гранттар беру, біліктілікті арттыру курстарына жіберу (қажет болған жағдайда) және басқалар арқылы жұмыспен қамтуға жәрдем жасалады.


Былтыр АӘК алушылар саны 141,5 мың отбасы (728,7 мың адам) болса, иыл наурызда 84,7 мың отбасы атаулы әлеуметтік көмек (444,9 мың адам) алды.

Қабылданған шаралардың, әсіресе жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартудың нәтижесінде былтыр атаулы әлеуметтік көмек алған 141,5 мың отбасы, өз өмірін қалыпқа келтіру үшін берілген мүмкіндікті сәтті пайдаланған 94,1 мың отбасы кедейлік жағдайынан шықты. 2021 жылы АӘК алған 198,4 мың отбасының 51,4 мыңы кедейлік жағдайынан шықты.

Солардың бірі - оңтүстік өңірден көшіп келген, қазір Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының тұрғыны Ақниет Алтынбайдың отбасы. Ерлі-зайыпты мал шаруашылығымен айналысуға шешім қабылдады, осы мақсатта олар микрокредит алды.

"Біздің кәмелетке толмаған төрт баламыз бар, біз АӘК алушылар қатарында болған едік. Күйеуім мал шаруашылығын дамытып, өзім декреттік демалыста жүрген кезімде үйде пісірілетін ұн өнімдері мен кондитерлік өнімдерді даярлаумен айналысып, отбасылық мерекелер мен мейрамдарға тапсырыстар қабылдадым. Кейіннен мен орта мектепке әлеуметтік педагог ретінде жұмысқа орналастым. Нәтижесінде бүгінде отбасымыз АӘК алушылар қатарында емес", - деді Ақниет Алтынбай.
massaget.kz
03 сәуір 2023 ж. 482 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№39 (10304)

18 мамыр 2024 ж.

№38 (10303)

14 мамыр 2024 ж.

№37 (10302)

11 мамыр 2024 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру!

Хабарландыру!

29 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031