» » Тақымы мықты ақсақал

Тақымы мықты ақсақал


Сұлутөбелік Қалдан Шәмшиев 80 жастан асса да, көкпардан қол үзген емес. Наурыз көкпары экс шабандоз Қалдан ақсақалдың батасымен басталды. Ұлттық спортқа ақсақал аса ықыласпен қатысып, жас шабандоздарға мастер класс көрсетіп, өзінің кезекті салымын салды. Қолы қарулы кісі ешқандай спортпен айналыспаса да, күреске өте мығым. Ақсақал 21 жасында екі ортан жілікті қосып сындырған деседі. Жасында жылқышы болған атамыздың тірідей қасқыр ұстағанын көргендер де бар екен. Тіпті жаралы қабанды бір ұрып өлтірген сәтін бүгінге дейін ауыл тұрғындары ауыз толтырып айтады. Көкпар десе делебесі қозатын ақсақалдан наурыз көкпарының ертесіне шаршадыңыз ба?- деп сұрап едік. Экс шабандоз: «Шаршағаным жоқ, осы аулаға тал отырғызып келіп отырмын» - деп жауап берді.

Айта кетейік, бүгінде ақсақал ауласын гүлзарға айналдырған.

25 наурыз 2023 ж. 772 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№45 (10513)

16 маусым 2026 ж.

№44 (10512)

13 маусым 2026 ж.

№43 (10511)

09 маусым 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 308
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 836

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930