» » Ақынның жыр жинағы

Ақынның жыр жинағы

qarmaqshy-tany.kz ЖАҚЫНДА ИІРКӨЛ АУЫЛЫНДАҒЫ №106 ОРТА МЕКТЕПТЕ АУЫЛДЫҢ АРДАГЕРІ, АҚЫН, «ЕЛІМНІҢ СЫРЫН ЖЫР ЕТТІМ» АТТЫ ӨЛЕҢДЕР ЖИНАҒЫНЫҢ АВТОРЫ АБДУЛЛА БАЙКЕНЖЕЕВПЕН ӘДЕБИ-САЗДЫ КЕЗДЕСУ КЕШІ ӨТТІ. МАҚСАТЫ – АҚЫННЫҢ ЖЫРЛАРЫН ОҚЫРМАНҒА КЕҢІНЕН НАСИХАТТАУ, ЖАСТАРДЫ СҮЙІСПЕНШІЛІККЕ, ЕЛІН-ЖЕРІН ҚАДІР ТҰТУҒА ТӘРБИЕЛЕУ.
Кеште ақынның төл туындыларын мектептің 5-сынып оқушылары жатқа айтты. Сондай-ақ, сөздің қадірін білетін, шығармашылықты терең түсінетін қатысушыларға Абдулла ағамыздың сиясы кеппеген жыр жинағы таныстырылды. Ақынның өлеңдерін тыңдай отырып, оқушылар оның шығармашылығы жөнінде сауалдар қойды.
Кездесуде ауыл азаматы Қайрат Жұмағазиев және мектеп оқушылары жырдан шашу шашты. Ал кеш қонағы өзінің жыр жинағынан үзінділер оқыды. Шығармашылық кеш оқушылардың таланттарын ашты.
Іс-шара соңында ардагер ақын мектеп кітапханасына тұсауы кесілген «Елімнің сырын жыр еттім» атты өлеңдер жинағын естелікке сыйға тартып, қатысушыларға батасын берді.
Рита ӘБДІХАЛЫҚОВА,
ауыл кітапханашысы
25 наурыз 2023 ж. 686 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№84 (10552)

07 қараша 2026 ж.

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 291
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 443

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30