» » Қазақстанда әлеуметтік осал топтарға берілетін жәрдемақылардың сомасы ұлғайтылмақ

Қазақстанда әлеуметтік осал топтарға берілетін жәрдемақылардың сомасы ұлғайтылмақ

Қазақстанда әлеуметтік осал топтарға берілетін жәрдемақылардың сомасын көбейту жоспарланып отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы сенаттың жалпы отырысында ҚР Әлеуметтік кодексінің жобасы мен ілеспе заң жобаларын бірінші оқылымда талқылау кезінде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова айтты.
«Кодекстің келесі жаңалығы – атаулы әлеуметтік қолдауды күшейту. Оған сәйкес мемлекеттік қолдау алдымен әлеуметтік сын-қатердің алдын алатын атаулы шара ретінде қараластырылып, одан кейін ғана атаулы әлеуметтік көмек ретінде ескеріледі. Бұл ретте, 2 мәселеге баса назар аударғым келеді. Біріншіден, атаулы шаралар цифрлық карта негізінде анықталып, отбасының статусына қарай іске асырылатын болады. Осы орайда цифрлы картадан көпбалалы отбасылардың түрлі әлеуметтік сын-қатерге тап болуы ықтималдығы жоғары екендігін көрдік. Сондықтан балалы отбасыларды әлеуметтік қолдаудың қолданыстағы жүйесін сақтай отырып, балаларды қорғаудың қосымша атаулы шаралары қарастырылды», – деді Т. Дүйсенова.
Осы орайда әлеуметтік кодексте балалары бар отбасыларды әлеуметтік қолдаудың қосымша шаралары ретінде мына қадамдар ескерілген:
– бала күтімі бойынша төлемдердің мерзімін 1,5 жасқа дейін ұзарту;
– көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы сомасын саралау және оларға наградталған ана деген жаңа мәртебе беру;
– әлеуметтік осал топтарға берілетін жәрдемақылардың сомасын көбейту.
«Тағы бір маңызды өзгеріс – атаулы әлеуметтік көмек беру үшін кедейлік шегі бүгінгі күнкөріс деңгейінің орнына медиандық табыс деңгейі арқылы анықталады. Бұл ретте Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының тәжірибесі зерделенді. Осы ұйымға кіретін 8 мемлекет осы тәсілді пайдаланып келеді. Бүгінде АҚШ-тағы кедейлік шегі медианалық кірістің 40 пайызына, Канадада – 50, ал Еуралық одақ елдеріне кіретін кейбір мемлекеттерде 60 пайызына пара-пар. Біз де осы тәжірибені 2025 жылдан бастап енгізуді көздеп отырмыз», – деді Тамара Дүйсенова.
16 наурыз 2023 ж. 363 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 053

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031